Новости на Newstaraz.

Астанада қос құдағи соттасып жатыр (фото, видео)

newstaraz.kz

Қос құдағи: Сандуғаш Жұмабек пен Гүлсара Насирова. Фото: NUR.KZ.

Астанада қос құдағи соттасып жатыр. Гүлсара Насирова есімді тұрғын келінінің шешесі Сандуғаш Жұмабектің үстінен «алаяқ» деп арыз жазып, қылмыстық іс қазір Есіл аудандық сотында қаралып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Сандуғаш Жұмабектің қызы Әсем Мұқатайдың айтуынша, анасы алаяқтық жолмен құдағиының Астанадағы екі бөлмелі пәтерін 70 мың долларға сатып жіберіп, ақшасын қалтасына басқан.

Сандуғаш Жұмабектің құдағиына «екі бөлмелі пәтерін кеңейтіп беремін» деп қол хат жазған сәті. 

«Біздің екі бөлмелі пәтеріміз Астананың оң жағалаудағы бөлігінде Ш.Уалиханов көшесінде орналасқан. Баспанамыз тарлық еткен соң жер үйге немесе төрт бөлмелі пәтерге көшуді жоспарлап жүргенбіз. Анам (Сандуғаш Жұмабек): «менің құрлысшы таныстарым көп, екі бөлмелі пәтерді жаңа салынған төрт бөлмелі пәтерге ауыстырып, қалған ақшаны ай сайын несие ретінде құйып тұрасыңдар» деді.


Айыпталушы Саңдуғаш Жұмабек. Фото: Ғаламтордан.

Похожие статьи

Енем сеніп анама пәтердің құжаттарын реттеуге қолхат берді. Алайда ол кісі айтқан сөзінен айнып, 2015 жылы 25 ақпан күні енемнің пәтерін белгісіз біреуге 70 мың долларға сатып жіберген. Енем қайтарып берер деп бір жарым жыл күтіп, еш нәтиже болмаған соң сотқа арыз түсірді», — дейді Әсем Мұқатай.


Айыпталушы Саңдуғаш Жұмабек. Фото: Ғаламтордан.

Айта кетейік, алаяқ әйелдің сотта қаралып жатқан ісінде туған қызы шешесіне қарсы куәлік етуде.

Сандуған Жұмабек осы уақытқа дейін өткен сот отырыстарында кінәсін мойындамай, жазылған арызды «жала» деп келген. Алайда кешегі жарыс сөз кезінде кенеттен қылмысын жазбаша түрде мойындап, істі қараған судьядан құдағимен мәмілеге келу үшін 10 күн беруін өтініп сұраған. Құдағиының қылмыстарына әбден тойған Гүлсара Насирова болса Сандуғаш Жұмабекті кешірмеймін, толық жазасын алсын деп отыр. Себебі, алаяқ әйел жақын туыстарынан басқа 20-дан астам адамды сан соқтырған.


Айыпталушы Саңдуғаш Жұмабектің қарыз алғанда жазған қол хаты. Фото: Ғаламтордан.

Аузынан «Алласын» тастамайтын әнші келіншектен зардап шеккен сегіз жәбірлеуші қазір Астанада қол жинап, Есіл аудандық полиция бөлімшесіне «өте үлкен көлемде алаяқтық жасады» деген айыппен арыздануда.

Айыпталушы Саңдуғаш Жұмабек. Фото: Ғаламтордан.

Танымал заңгер болса, Сандуғаш Жұмабектің кінәсі дәлелденіп, ешкім кешірім бермейтін болса ел-жұртты қан-қақсатқаны үшін алты-жеті жылға сотталып кетуі мүмкін екенін айтты.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »