Новости на Newstaraz.

Астананың байлары сараң: Такси жүргізушісі елорданың түнгі «тіршілігі» қандай екенін айтты

newstaraz.kz

Еліміздің бас қаласы – Астанаға күндіз көз тіксеңіз, құдды бір кілең мемлекеттік қызметкерлер мен шенді-шекпенділердің шаһары деп қаласыз. Қаз-қатар тізілген министрліктер, алуан түрлі бизнес-орталықтар мен жұмысына асыға аяңдаған адамдар – мұның барлығы қаланың тек күндізгі көрінісі ғана. Ал, түнде…

Түнде қалада тіршілік қыза түсіп, бай-бағландар мейлінше «асыр салатын» көрінеді. Астананың жұрт айтқандай «тоқалдар» қаласы екені рас па? Бас шаһардың бай-бағландары қандай? NUR.KZ порталы аталған сауалдарға жауап іздеу мақсатымен, бас қала таксопарктерінің бірінде қызмет ететін такси жүргізушісімен тілдесіп қайтты.

Астана тұрғындарын қаланың түрлі аумақтарына жеткізіп, нәпақасын осы такси жүргізушісі болып тауып жүрген жандардың бірі – Айбар (аты- жөні автордың өтінішімен өзгертілді) есімді азамат. Осымен бірнеше жыл қатарынан жолаушылар тасымалдаумен шұғылданып жүрген ол, түнде түрлі «қызықтардың» орын алатынын, әсіресе, байлардың барынша «сайран» құратынын айтты.

Похожие статьи

«Таксист қызметі сонымен де қызықты шығар. Неше түрлі адамдарды көріп, танысып жатамыз. Түнде таксиге қандай адамдар отырмайды десеңізші? Жасы да, кәрісі де, байы да, бағланы да, тіпті, тоқалдарды да жеткізіп салған күндеріміз болды. Шыны керек, кейде дәулеті асып-тасқан, шенді-шекпенділерге қарағанда, біз сияқты нәпақасын адал еңбекпен тауып жүрген, ай сайын пәтер жалдап, несие төлеп тұратын қарапайым жандар артық па деп қаласың. Көп кезде байқайтыным, байлардың дені бақытсыз болады.

Көбінесе ауқаттылар ішімдікке тойып алып, үйлеріне жеткенше әңгімелерін айтып, ішкі жан-сырларын ақтарып жатады. Сонда, көп жағдайда еститінім, «әйелім кетіп қалды», «балам ішімдікке салынып кетті» немесе «достарым сатып кетті» деген сынды әңгімелер. Ал, түгі жоқ кедей болса, күнделікті тұрмысына тәубе деп, қалтасының жұқа болғанына қарамастан, «отбасы мен балаларым аман, бақыттымын» деп жатады», — деп ағынан жарылды такси жүргізушісі.

Сонымен бірге, ол елорданың байлары сараң, әр тиынын есептеп, шу шығаруға әуес болып тұратынын жеткізді.

«Бір қызығы, әлгіндей байлар жететін жерлеріне жетіп алады да, әр тиынын есептеп отырады ғой. Сондай кезде, бұларға не жетпейді деп ойлаймын? «Ол ақшаны мен емес, мына көліктегі құрылғы көрсетіп тұр» десе де түсінбейді. Такспопарк басшылығына дейін хабарласып, біздің үстімізден шағымданып жатады. Олар тіпті 50 теңге үшін саудаласуға әуес болып тұрады.

Тағы бір байқағаным, шаһарда тоқалдар көп. Әлгіндей атқамінерлер түнгі уақытта сол тоқалдарымен көңіл көтеруге әуес. Әсіресе, өңірлерден іссапар немесе жұмыс бабымен келген шенді-шекпенділер осында келген сайын, әлгі тоқалдарымен кездесіп тұрады, бәрінің Астанада бір-бір тоқалы бар. Әрине, ауқаттыларды қаралағаным емес, бірақ ол шындық, ондайдың талайын көргенбіз», — деп сөзін түйіндеді жүргізуші.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »