Новости на Newstaraz.

Қатыгез әке он айлық туған қызын зорлап өлтірді (фото)

0 1

Зорланған нәресте. Фото шетелдік басылымдардан алынды

АҚШ-та жантүршігерлік жайт болды. 24 жастағы Роберт Дэвидсон есімді ер адам он айлық туған қызын зорлап, өлтіріп тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы шетелдік басылымдарға сілтеме жасап хабарлайды.

10 айлық қыз баланы зорлаған азғын нәрестенің сау тамтығын қалдырмаған. Ауыр жарақаттар алған нәресте о дүниелік болды. Ал жантүршігерлік қылмысқа барған Роберт бүгінде 50 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл қайғылы оқиға 2015 жылдың маусымында болған деп жазады Daily Mail.

Нәрестені зорлаған әкесі. Фото шетелдік басылымдардан алынды

Нәрестенің 22 жастағы анасы Лорин Томсон болса, баласы жарақаттанғанын көргенде еш әрекет етпеген. Баласын, тіпті емханаға алып баруды жөн санамаған тасжүрек ана бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Нәрестенің анасы. Фото шетелдік басылымдардан алынды

Полиция мен дәрігерлерді Роберттің өзі шақырған. Алайда оны тыныс алмай жатқан күйі таптым деп ақталған жігіттің әрекеті әшкере болды. Екі апталығынан бастап туған әкесінен қорлық көрген нәресте емханада үш күннен кейін көз жұмды. Нәрестені зорлап қана қоймай, талай рет құлатып, соққыға жыққан болуы керек. Себебі, қабырғаларының өзі 34 жерден сынғаны белгілі болды.

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.