Новости на Newstaraz.

Атырауда адам өлтірген сәті камераға түскен күдіктілердің бірі бостандықта жүр

newstaraz.kz

Скриншот: ктк арнасы

Атырауда адам өлтіргендердің әрекеті бақылау камерасына түсіп қалды. 23 жастағы Қожақанат Нұржановты бірнеше жерден пышақтап өлтірді деген күдікпен ұсталғандардың бірі қазір уақытша тергеу абақтысында отырғанымен, екіншісін кепілақымен босатқан деп хабарлайды КТК арнасы. 

Қанды оқиға 6 ақпан күні таң алдында болған. Бұл жәйт жақын маңдағы ғимараттардың біріне орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Онда 23 жастағы Қожақанат Нұржановты екі адамның ұрып-соғып, пышақтап жатқаны анық көрініп тұр. Бірақ марқұмның туыстары полицейлердің осы таспаны көре тұра, күдіктілердің бірін бостандыққа жіберіп, тек «бұзақылық» бабымен іс қозғағанына наразы.

Похожие статьи

«Аса қатыгездікпен өкпесін, бауырын, талағын қатты жарақаттап алған. Полиция қызметкерлері келіп, жауап алып, арыз алып ештеңе істеген жоқ. Шағым  алмай, оларды бостандыққа жіберіп отыр. Бұзақылық деп», — дейді марқұмның әпкесі Әсел Сәрсенбаева.

Қожақанат Нұржанов бірнеше жерден сұғылған пышақ жарақатынан аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Ал оны соққыға жыққан екеу – 22 жастағы Жаңаөзен қаласының тұрғындары. Қазір бұлардың бірі – уақытша тергеу абақтысында отырса, екіншісі кепілақымен босатылған. Ал бұған көңілі толмаған жәбірленуші тарап қылмыстық істің де «адам өлтіру» бабы бойынша қозғалуын талап етіп отыр.

Күдіктілердің бірі кепілмен босатылғанын тәртіп сақшылары да растады. Бірақ, қайтадан қамауға алынып, «денсаулыққа ауыр зақым келтіру» бабы бойынша қозғалған іс те тергеу барысында өзгеруі ықтимал дейді.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »