Новости на Newstaraz.

Атырауда әйелін балағаттаған азамат үш күнге қамауға алынды

0 12

Ер адам мас күйінде үйіне келіп, отбасының тыныштығын бұзған.

Сот шешімі бойынша, Атырауда әйелін балағаттаған азамат үш күнге қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Атырау облысының Жылыой аудандық соты Құлсары қаласының тұрғынына қарсы әкімшілік істі қарады. Аудандық соттың хабарлауынша, ер адам мас күйінде үйіне келіп, отбасының тыныштығын бұзған. Оған қоса, жұбайын балағаттаған.

Күйеуінен қорлық сөз естіген әйел құқық қорғау органдарына жүгінген. Сотта тәртіп бұзушы кінәсін мойындап, істеген істеріне өкінген. Алайда, жәбірленуші сотқа күйеуін қатаң жазалауды сұрады.

«Соттың шешімі бойынша ер адам ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 1-тармағына сәйкес кінәлі деп танылды. Оны үш күнге қамауға алу туралы әкімшілік жаза тағайындалды», – деп хабарлайды сот.

Получайте обновления в реальном времени прямо на вашем устройстве, подписаться прямо сейчас.

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.