Новости на Newstaraz.

Атыраулық белсендінің анасы Нұрлан Ноғаевқа: Сөзіңізде тұрмадыңыз ғой (видео)

newstaraz.kz

Атырауда Жер реформасы бойынша құрылған комиссияның кезекті отырысы өтті. Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен жиында комиссия мүшелері түрлі пікірлері мен ойларын ортаға салып жатқан.

Шенеуніктердің «тәтті» әңгімесі мен тікелей эфирді түрмеде тергеуде жатқан қоғам белсенділері Талғат Аян мен Макс Боқаевтің аналары үзді деп хабарлайды Skifnews.kz басылымы.

Ақ жаулықты апалардың екеуі де мұғалім. Ұлдарымызды патриот және әділ етіп өсірдік деген олар, Тоқтар Төлешов туралы ертегіні 7-ші сынып оқушыларына айтыңдар дейді.

«Мен ешкімге сенбеймін, сондықтан бар шындықты осы халықтың алдында айтқалы отырмын. Себебі, ертең 10-15 күнен кейін баламның соты болады. Менің балам әппақ, өзім мектепте мұғалім болып 35 жыл жұмыс істедім. Баламды өте жақсы тәрбиеледім. Мектепті қызыл аттестатпен бітірді, сосын әл-Фараби атындағы университеттің заң факультетіне түсіп, оны да бітіріп шықты… Баламның статьясы менің қолымда тұр. Он қайтара оқып шықтым. Үтір-нүктесіне дейін білемін, жаттап алдым. Ендеше тыңдаңыздар, айтайын… Төлешов деген біреу бар екен Шымкентте. Ол менің баламды сыртынан көріпті де ұнатып қалыпты, содан 100 мың доллар ақша жіберіпті. Ол ақшаны көмекшісіне берген, көмекшісі өзінің көмекшісіне берген, ол Ақтауға жеткізген, Ақтаудағы біреу 1000 теңгеге такси ұстап, Атырауға келіпті де ақшаны Талғатқа беріпті. Осындай ертегіге сенесіздер ме? Мынаны менің 7-класта оқитын балдарыма айтса сенбейді ғой. Сіздер қалай сеніп отырсыздар?», — дейді Талғат Аянның анасы.

Ол Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа «сөзіңде тұрмадың» деп ренішін айтты.

«Мен өзім 24 сәуір күні митингке шыққан жоқпын, бірақ видеосын бастан-аяқ көрдім. Баламның не айтқанының бәрін білемін. Ноғаев мырза, сол жерден сізді көргенде де қатты қуанған едім, біздің облысқа да жақсы басшы келіпті ғой деп. Бірақ, сіз сөзіңізде тұрмадыңыз ғой, неге жауға ұстатып бердіңіз баламды? Айтыңызшы? 24 сәуірден кейінгі митингтен 1 апта өткен соң баламды қамап тастады, бірақ 21 мамырдағы митингке қатысы бар деп айыптап отыр. Айтыңыздаршы, ол бұл уақытта түрмеде жатты ғой, түрмеде жатқан адам қалай митингті басқарады, елді қалай үгіттейді түрмедегі адам?», — дейді ашынған ана.

Похожие статьи

Естеріңізде болса, 24 сәуірде Атырауда болған митингтен кейін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев оған қатысқандардың ешбірі жазаланбайды, қудаланбайды деп уәде берген болатын.

Макс Боқаевтің анасы 42 жыл педагог болған, бүгінгі таңда зейнеттегі қария. Ол да өзінің ұлының мұндай қылмысқа барғанына сенбейді.

«Әрбір қазақ өзінің ата-бабасынан қалған жердің біртұтастығын қалайды, кім көрінгеннің қолында кетпегенін қалайды. Сол үшін бейбіт шеруге шыққан халық үн тастады, пікір білдірді. Оның мемлекеттің қауіпсіздігіне қандай қатысы бар екенін мен түсінбей отырмын. Бұл көтеріліс емес, бұл бар-жоғы пікір білдіру екенін неге түсінбейміз? Митингке шыққандарды жау деп есептеу — патриотизмге қарсы қағылған сына деп есептеймін», — дейді Макс Боқаевтің анасы.

 

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »