Новости на Newstaraz.

Атырауға жас толысым сараздары келді

newstaraz.kz

Көктемгі шақыру науқаны барысында Түркістан және Алматы облыстарынан 100 жас сарбаз Атыраудағы әскери бөлім қатарын толықтырды.

 

Әскери бөлімге келгеннен кейін жас сарбаздар коронавирустық инфекцияға тексеріліп, карантинге оқшауланды. Бір ай ішінде әскери міндеттілер алғашқы әскери дайындық бағдарламасын меңгеретін болады.

— Бөлімшеде жас толысым үшін барлық жағдайлар жасалған, казарма қоры дайындалған, олармен жиын өткізуге арнайы әкімшілік тағайындалған. Оған тәжірибелі офицерлер мен сержанттар кіреді. Олар сарбаздарға әскери істің негіздерін үйретіп қана қоймай, оларға жаңа жағдайларға бейімделуге көмектеседі, — дейді рота командирі капитан Нұрбек Айтқалиев.

Жаңа толысым құрамы толықтай өз еркімен ниет білдіріп әсерге келген.  Мұны олардың алғашқы күндерден бастап ынта-жігерінен байқауға болады. Олардың арасында әсіресе Түркістан аймағынан шақырылған Жасұлан Батрашев ерекше көзге түседі.

— Мен өзім міндетті әскери қызметке баруға ниет білдірдім, менің ата-анам еш қарсы болған жоқ, керісінше қолдады. Қызметтің алғашқы күнінен бастап маған офицерлер мен сержанттардың жас сарбаздарға және олардың қызметіне деген көзқарасы ұнады. Олар бізге тәртіп пен әскери істі түсіндіреді және үйретеді. Біз күнделікті әскери өмірге біртіндеп үйреніп жатырмыз. Сонымен қоса, сарбаздар асханасындағы тамақтанудың жақсы деңгейңн де атап өткім келеді, — дейді Жасұлан.

Қазіргі уақытта жас толысым сарбаздары әскери өмірдің барлық қыр-сырларымен таныса бастады. Ендігі нағыз кезекте өз Отанының толыққанды қорғаушысы атану үшін оларды салтанатты түрде өтетін Әскери ант қабылдау рәсімі бар, ал оған дейін ал оған дейін сарбаздар көптеген нұсқаулық және әдістемелік сабақтардан өтетін болады.

 

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

капитан Рустем Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »