Новости на Newstaraz.

Қайрат Нұртас партиялық тізімге еніп, мәжілісмен атағына ие болды

Билік партиясы жеңісін дүркіретіп тұрып тойлап жатыр. «Нұр Отанға» мүше саяси элита мен мыңдаған жастың көңілін шоу-бизнестің өкілдері көтерді.

Солардың бірі сахнаны саясатқа ауыстырғысы кеп жүрген танымал әнші Қайрат Нұртас. Оқушылар мен студенттердің кумирі енді депутат болуы әбден мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

«Астанадағы жеңімпаздар форумы Қайрат Нұртастың ән айтуымен басталды, ол өзі де «Нұр Отан»партиясының құрамына кіреді және де exit-poll қорытындысы бойынша парламент сайлауында 80 пайыз дауыс жинаған. Сонымен қатар, Қайрат Нұртас партиялық тізімге еніп, мәжілісмен атағына ие болды деп хабарлады today.kz.

Еске сала кетсек, 20 наурыз күні елімізде кезектен тыс мәжіліс сайлауы өтіп, додада «Нұр Отан» партиясы жеңіске жеткен еді.


Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Translate »