Новости на Newstaraz.

«Қазақ Аруы» байқауының жеңімпаздары бүгінде немен айналысып жүр?(фото)

newstaraz.kz

Қазар Аруы конкурсының жеңімпаздары. Коллаж: NUR.KZ

Соңғы жылдары елімізде танымалдылыққа ие болған сұлулық байқауы — «Қазақ аруы». Сайыста сәні мен сымбаты келіскен аруларды жан жақты сынға түсіріп, ел тарихы мен салт-дәстүрі жайлы білімін тексереді. Баян Есентаева өткізетін байқау биыл  7-ші жыл қатарынан өтті. Сұлулық сайысының жеңімпаздары бүгінде немен айналысып жүргенін NUR.KZ порталы анықтады.

«Қазақ аруы – 2011» Ләззат Қалдыбекова сайыстың ең алғашқы жеңімпазы атанған болатын. Ләззат қазір Мұхтар Әуезов атындағы театрда актриса.

Қазар Аруы конкурсының жеңімпаздары. Фото: Интернет желісінен

«Қазақ аруы – 2012» Айғаным Өтепбергенова жеңімпаз атанған соң тұрмыс құрып тегін өзгерткен болатын.  Ол бүгінде  Айғаным Самбай тегімен танымал. Байқаудан соң жеке шоу-балетін ашқан Айғаным қазір «Эйфория» би ансамблінің жетекшісі.

Қазар Аруы конкурсының жеңімпаздары. Фото: Интернет желісінен

«Қазақ аруы – 2013» Айгерім Қанатбаева байқаудан соң өнер жолын емес, өз мамандығы бойынша жұмыс жасауды жөн көріпті.

Қазар Аруы конкурсының жеңімпаздары. Фото: Интернет желісінен

Похожие статьи

«Қазақ аруы – 2014» Гүлназ Жоланованың байқаудан соң бағы ашылды десек те болады. Қазіргі таңда Гүлназ актрисалық мансабын құруда, соңғы жылдары түрлі отандық фильмдерде басты рөлді сомдап жүр. Жас актриса жақында ғана Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по казахский в Америке» киносының түсіріліміне қатысып жатыр.

Қазар Аруы конкурсының жеңімпаздары. Фото: Интернет желісінен

«Қазақ аруы – 2015» Кәмшат Қоскелова жеңістен кейін әлі көрінген жоқ. Тіпті аруды жанкүйерлері соңғы жылдары жоғалтып алды.

Қазар Аруы конкурсының жеңімпаздары. Фото: Интернет желісінен

«Қазақ аруы – 2016» Альмира Ахатова сайыстан кейін актрисалық жолды таңдады. Жас актриса соңғы рет «Барыс» тобының бейнебаянына түскен болатын.

Қазар Аруы конкурсының жеңімпаздары. Фото: Интернет желісінен

«Қазақ аруы – 2017» Асанова Нұргүл ең соңғы жеңімпаз ару да актрисалық пен қатар модель болып жүр. Отандық дизайнерлердің сәнгеріне айналған жас ару «КешYou» тобының соңғы бейнебаянына түскен болатын.

Қазар Аруы конкурсының жеңімпаздары. Фото: Интернет желісінен

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »