Новости на Newstaraz.

Қазақ отбасына келін болған орыс қызы орамал тағып, сәлем салуды ешқашан ұмытпаған

newstaraz.kz

Татьяна Мортыненко қызымен. Фото: ozgepikir.kz

Кезінде екі ұлттың – қазақ пен орыстың арасындағы татулықтың нығая түсуіне жылдар бойы жұмыс істеп, қазақтың әндерін нақышына келтіріп орындайтын үш Татьянаны білмейтін аға буын өкілдері жоқ шығар. Олардың бұл өнері көпшіліктің ризашылығына бөленіп қана қоймай, өзге ұлт өкілдеріне үлгі де бола білді.

Жақында сол үш әншінің бірі — Татьяна Мартыненкомен жолығып, сұхбаттасқан едік деп жазады Ozgepikir.kz.

— Өз өміріңіз жайлы қысқаша айтып өтсеңіз.

— Ордабасы ауданындағы Шұбар ауылында дүниеге келгенмін. Кішкентайымнан ауылдағы балалармен ойнап, қазақ тілін үйреніп өстім. Раушан деген көрші апайым менің екінші анамдай болды. Мені ерекше жақсы көретін. Көптеген қамқорлығын көрдім. Сондықтан апайды апа деп өстім. Раушан апамның 9 бала-шағасы бар еді. Мен солардың кенжесі секілді едім. Осылай қазақ отбасылармен өте тығыз қарым-қатынаста болдық.

Бойжеткенде Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық Мәдениет институтына оқуға түстім. Әнді жақсы айтатын болғандықтан институт басшылығы мені оқу орнының «Фараби сазы» атты ансамблінің бір мүшесі етіп алды. Өзге облыстарға гастрольдерге барып жүрдік.

1985 жылы ансамбль жетекшісі Едіге Балабеков мені үлкен сахнаға алып шықты. Сол жылы 1-мамырда алғаш рет «Тамаша» ойын-сауық бағдарламасында өнер көрсетіп, «Әй-әй бөпем» мен «Қызылқұмда ауылым» атты екі әнді орындадым. Содан теледидар арқылы халыққа жақсы танылдым. Гастрольдік сапарлармен бүкіл КСРО-дағы республикаларды, Куба, Польша, Германия, Моңғолия секілді көптеген елдерді араладық.

— Сіздің қазақ азаматымен тағдыр қосып, тұрмыс құрғаныңызды білеміз. Бұған ата-анаңыз қарсы болмады ма?

Похожие статьи

– Әрине, мен Сәкенге тұрмысқа шыққанымда анам қарсы болды. Дегенмен, 15 жыл ішінде күйеу баласының бірде-бір рет оғаш қылығын көрмеді. Күйеуіммен төркініме қыдырып барсақ та, анам біздің үйге келсе де Сәкен енесіне ерекше құрмет көрсететін. Араларында бір реніш болған емес. Сондықтан шешем Сәкенді қатты жақсы көрді.

— Сіз туралы «отбасыда екі ұлттың салт-дәстүрін, екі діннің жөн-жоралғыларын қатар ұстайды екен» деген әңгіме рас па?

— Алғаш келін болып түскенде енемнің айтқанымен ғана жүріп-тұрдым. Ұятқа қалмайын деп қазақтың барлық салт-дәстүрін орындап, орамал тағып, сәлемімді үзбейтінмін. Қазақ азаматымен қол ұстасқаныммен сүйегім орыс қой. Сондықтан отбасымызда қолдан келгенше екі ұлттың сәлт-дәстүрлерін қатар орындауға тырысамыз.

Мысалы, екі келін түсіргенде де беташар жасадық. Одан кейін үйлену, бесік, сүндет тойларын да қазақы, ислами дәстүрмен жасадық. Ал христиандардың паска мейрамында қажетті жөн-жоралғыларды жасап, рождествода дастархан жаямыз. Қазақ туыстарым, таныстарым, достарым үшін бұл ісім қызық. Сондықтан олардың арасында осы күні үйге келіп, қонақ болып кететіндері көп.

— Екі келін түсіріпсіз, жалпы қанша перзентіңіз бар?

— Үлкен ұлым Тимур 1986 жылы туылған. Одан кейінгі Марлен 1988 жылы өмірге келсе, 2002-ші жылғы Диана есімді қызым бар. Екі ұлым да үйленген. Тимурдың келіншегі – Венера, ал Марленнің қосағы – Динара. Олардан Даниял, Ариана, Сагдиана есімді немерелерім бар. Шүкір бақытты отбасымыз.

— Әлі күнге дейін ән шырқайсыз ба?

— Әрине, ән айту қажет болған жерде тосылып қалмаймын. Мен тұрмысқа шыққаннан кейін де, яғни 1998 жылға дейін аккардион тартып, ән айтып жүрдім. 2002 жылдарға дейін көпшілік қолқа салған жерде өнерімізді көрсетіп жүрдік. Дей тұрғанмен, әр нәрсенің өз орны бар. Мен келін болған соң алдымда екі таңдау тұрды. Оның бірі өнер жолы болса, екіншісі – отбасылық өмір. Мен екіншісін таңдадым. Бұл таңдауыма өкінген кезім болған емес.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »