Новости на Newstaraz.

Қазақшаға судай америкалықтар Астанадан сөйлесетін адам таппай қиналды

newstaraz.kz

Кадр: azattyq.org

Қазақшаға судай америкалық азаматтар Астанадан қазақша сөйлейтін адам таппай қиналған. Олардың қазақша сұрағына көпшілігі орыс тілінде жауап қатқан деп хабарлайды Азаттық сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Америкалық Крис Риз бен Габриэль Макгауйердің қазақшасы жаман емес. Екеуі Индиана университетіндегі тіл үйрететін көп курстың ішінен қазақ тілін таңдап алған. Габриельді әсіресе қазақ тіліндегі кірме сөздер қызықтырған.

«Қазақ тіліндегі ең қызық сөздер басқа тілден енген сөздер. Мысалы араб тілінен, ағылшын тілінен, моңғолшадан енген сөздер», — дейді ол.

Крис пен Габриель Қазақстан астанасында қазақша сөйлейтін адам таппай қалатынына қынжылады. Айтуларынша, қазақшаларын жетілдіріп, қазақша амандасса да, мұндағы жұрт орысша жауап қатуға әуес.

Похожие статьи

«Байқауымша жергілікті жұрт шетелдік көрсе, орысша сөйлеседі. Сондықтан әлдебіреумен қазақша амандаса қалсам, ол әдетке салып орысшалай жауап қатады. Ал ондай жауап маған қиынға түседі. Себебі орысшам нашар», — де  йді Габриель.

Крис Риз Астанадан қарағанда, Ақтөбеде қазақша сөйлейтін халықтың көп екенін айтады.

«Жаз бойы мен Астанада ешкіммен қазақша сөйлескен жоқпын. Ақтөбеге барып келдім. Ол жақта қазақша көп естідім», — дейді ол.

Назарбаев университетінің түркология және қазақ тілі кафедрасының директоры Юли Шамилоглуның айтуынша, астаналықтардың қазақша сөйлеп кетуіне психологиялық кедергілер бар.

«Бұрынғы Кеңес одағының тұрғындарының бойында әлдебір психологиялық комплекс бар. Олар қазақ тілін үйренуді қиын көреді. Шетелдіктерге еш қиын емес», — дейді ғалым.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »