Новости на Newstaraz.

Қазақстанға оралған Қанат Ислам ұлының тұсауын Алматы әуежайында кесті

newstaraz.kz
Фото Қанат Исламның желідегі парақшасынан алынды

Таяуда АҚШ-та өзінің 21-ші кездесуін жеңіспен аяқтаған 31 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматыға оралды деп хабарлайды Қазақпарат.

Оңтүстік астананың Халықаралық әуежайында Қанатты қарсы алу үшін 200-ге жуық адам жиналды. Олардың арасында Республикалық спорт колледжінің директоры Амалбек Тшанов, Қазақстанның бокс федерациясының вице-президенті, белгілі меценат Бауыржан Оспанов, бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов және басқа да белгілі тұлғалар болды.

Қанат Ислам vip залдан көрінісімен тағатсыздана күтіп тұрған дүйім жұрт оны: «Қанат, Қанат!», «Қанат жасасын!», «Қанат — қазақтың батыры!» деген секілді ұрандар айтып қарсы алды. Көк байрақты көтерген республикалық спорт колледжінің бір топ студенттері де «Қанат, Қанат!» деп ұрандаумен болды. Ең алдымен өзіне қашанда қолдау көрсетіп жүрген ағаларымен құшақтасып көріскен Қанат, ұлттық киім киген қазақ аруларының қошеметімен сыртқа беттеді.

Көпшілік алдында Амалбек Тшанов барша қазақстандық жанкүйерлердің атынан Қанаттың иығына шапан жапты.

«Қазақ халқының әр кезде де өздерінің батырлары болған. Қанат — бүгінгі қазақ батыры. Өйткені, ол қазақтың көк байрағын желбіретіп, қазақ халқын бүкіл әлемге танытып жүрген ардақты ұлымыз», — деді Амалбек Тшанов.

Похожие статьи

Өз кезегінде Қанаттың қамқоршы ағаларының бірі Бауыржан Оспанов та Қанатты кезекті жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да жанкүйерлерін қуанта беруіне тілектестік білдірді.

Ал Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов: «Туған елге қош келдің Қанат», «Жасасын Қанат», «Қазақстан алға!» — деп тағы да ұран тастады.

Осыдан кейін, «ұлымның тұсауы кесілсе екен» деп үміттеніп келген Қанаттың тілегі орындалды. Көпшілік алдына оның кішкентай ұлы Абылайхан шығарылып, аяғына ала жіп байланды. Сөйтіп, қаумалаған жұрттың сүйемелдеуімен тәй-тәй басқан Абылай баспалдақпен жоғары қарай жүріп әкесіне жетті. Қанат ұлының тұсауын кесіп, оны мейірлене құшағына басты.

Өз сөзінде Қанат қатты толқып, бұл тосын сыйға қатты риза болғандығын жеткізді.

«Ассалаумағалейкүм халқым! Мұндай тосын сый болады деп ойламаған едім. Көп рахмет сіздерге! Мұның барлығы, елдігіміздің, егемендігіміздің арқасы деп білемін. Тыныштық болмаса біздің бокс, біздің өлең кімге керек. Сондықтан мен өте қуаныштымын. Рахмет сіздерге!» — деді Қанат Ислам.

Ол сонымен қатар, өзіне қамқоршы болып жүрген ағаларына зор ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да жанкүйерлерін жаңа жеңістерімен қуантуға күш салатындығын жеткізді.

«Қазақтың көк Туын көкке желбірету, қазақты бүкіл әлемге таныту менің бала күнгі арманым. Менің тілерім, қазақ елінде тек тыныштық болса екен. Жетістіктерге жетіп жатқанымыздың барлығы осы тыныштықтың арқасы. Мен алдағы уақытта да сіздерді жаңа жеңістеріммен қуантамын деп ойлаймын», — деді Қанат Ислам.



newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »