Новости на Newstaraz.

Қазақстан Еуразиялық Одақтан пайда көрді ме?

newstaraz.kz
Көрнекі сурет

Құрылғанына екі жыл толған Еуразия экономика одағына мүше бес ел басшылары бүгін Астанада кездеседі. Сарапшылар Ресейге салынған санкциялар мен Кремльдің қарсы санкциялары Қазақстанға кері әсер етті деп санайды.

Бұл туралы Азаттық жазады.

Мамырдың 31-і күні Астанада Еуразия экономика одағының (ЕАЭО) бас органы — жоғарғы экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Одақ елдері жетекшілерінің биылғы алғашқы бас қосуына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукошенко және одаққа кейін қосылған Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев пен Армения президенті Серж Саргсян қатысты. Жиында ЕАЭО қызметі мәселелері, одақтан тыс елдермен сауда-саттық сұрақтары қарастырылады деп хабарланды.

Кремль сайтындағы ақпаратта ЕАЭО елдері интеграцияны дамыту келешегін, оның ішінде «газ, мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығын» құруды талқылайтыны жазылған.

Қызметі 2015 жылғы қаңтардың 1-інен басталған ЕАЭО – 2010 жылы Ресей, Қазақстан, Беларусь арасында құрылған Кеден Одағының жалғасы. Халықаралық ұйымдардың екеуі де экономикалық интеграцияны көздейді деп жоспарланған. Тауар, қызмет, капитал және жұмыс күшінің еркін алмасуы арқылы әуелі үш, кейін бес постсоветтік елдің ұлттық экономикаларын тұрақты дамытуды мақсат тұтқан одақтан Қазақстан екі жылдың шамасында не ұтты? Неден ұтылды? Азаттық тілшісі экономист сарапшылардың пікірін сұрап көрді.

«САУДА СОҒЫСЫНАН КЕЙІНГІ ТҮСІНІСТІК»

Соңғы екі жылдың ішінде Шығыс Украинадағы әрекеттері үшін Батыс Ресейге экономикалық санкциялар салып, Кремль оған жауап санкциялар енгізген еді. Былтыр Түркиямен арада болған ұшақ дауынан соң Мәскеу бірқатар түрік тауарларын импорттауға да тыйым салған. Алматыдағы Тұран университеті ректоры, экономист Рахман Алшанов мұның кесірінен Ресей халқының сатып алу қабілеті күрт төмендеп кеткенін айтады.

Оның сөзінше, Ресей экономикасының екі жыл бұрынғы даму деңгейіне қайтып орала алмай жатқаны Қазақстанға кері әсерін тигізген, бірақ ЕАЭО-дағы Қазақстанның тауар айналымы жоғарылаған. Сарапшы ұсынған деректер бойынша, 2010 жылмен салыстырғанда 2015 жылы Қазақстанның Ресейге тасымалдайтын азық-түлік тауарлары еселеп артқан: консервілер 42 есе, сары май 26 есе, шошқа майы 17 есе, сұлы 10 есе, тауық жұмыртқасы алты есе көбейген. 2010 жылы Қазақстаннан Ресейге 236 мың тонна азық-түлік тауары жіберілсе, 2015 жылы бұл көрсеткіш 750 мың тоннаға жеткен.

— Алғашқы кезде толқын-толқынмен дамып келе жатты ғой. Рубль арзандаған кезде қазақстандықтар олардан барып көп тауар алды. Есік ашылғаннан кейін Ресей тауарлары былтырлары қаптады. Енді өткен жылды алатын болсақ, Қазақстанның азық-түлік өндірушілері Ресеймен тауар айналымның 40 пайызына жетті. Соның ішінде азық-түлік түрлерінің 18-інің көлемі 20-дан 40 есеге дейін өсті. Соған байланысты бізге Ресейден келетін тауарлар көлемі азайды. Осыған қарағанда біздің кәсіпкерлер Ресей экономикасын түсіне бастады. Тыйым салынған Еуропадан, Түркиядан келетін тауарлардың орны босап қалды ғой. Соны жақсы пайдаланды деуге болады, — дейді Рахман Алшанов.

Экономистің айтуынша, Ресей мен Қазақстанның кәсіпкерлері «сауда соғысынан» кейін енді ғана түсінісіп келе жатыр.

— Басында Ресейдің тауарлары қаптап, олар мұнда өтпеген соң олар да түсінді. Алғашқыда бұл «сауда соғысы» сияқты болып көрінді ғой. 20 жылдай кеден ашық болмады ғой. Ашылған кезде олардың нарығына біз ұмтылдық, біздікіне олар ұмтылды. Енді-енді бір-бірімізді түсіне бастадық. Қазір біздің макарондар Санкт-Петербург, Мәскеу сынды өңкей қалаларға жіберіліп жатса, ал біздің аудандарға олардың арзан макароны келіп жатыр, — дейді Рахман Алшанов.

Рахман Алшанов Қазақстанға ЕАЭО-дан түсетін пайданы еселеу үшін тауарға қойылатын талаптар, тексеріс жүйелері мен техникалық регламент шарттарына байланысты одақтық құжаттарды тезірек қабылдау керек дейді. Сонымен бірге, ЕАЭО елдері одақтан тыс елдерге экспорттайтын тауарлары жөнінде келісімге келу керек.

Похожие статьи

— Ресей Қырғызстанға, Өзбекстан мен Түркіменстанға бидай экспорттап отыр. Біз де бидай жіберетін елміз ғой. Одақтасымыз болған соң осы жайында келісу керек. Мүмкін біріккен кәсіпорындар құрған дұрыс шығар. Бірақ Ресей тарапы басып түсіп, ескі сарынға сала ма? Өкінішке қарай, комиссиядағы біздің мамандар нашарлығын білдіріп қалады, — дейді маман.

«ЖОЛДЫ АҚТАУҒА БҰРЫП ЖІБЕРЕМІЗ»

Экономист Талғат Әбдіжаппаров одаққа айналған еуразиялық интеграция екі жылда емес, Кеден Одағы құрылған алты жыл ішінде қалыптаса бастады деп ойлайды. Оның пікірінше, осы аралықтағы Қазақстанның басты жетістігі «транзиттік логистикалық потенциалын ашу» болған.

— Қазақстан үлген логистикалық хаб болады. Транзиттік логистикалық потенциалын көтеріп, енді ғана күш алайын деп жатыр.Әуе, темір, тас жолдар, теңіз порттары құрылып жатыр. Биыл «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» деген жолды бастаймыз. Ол Ресейдегі Орынборға тіреледі. Ресейліктер ол жерде ешқандай модернизация жасаған жоқ. Бірақ бізге оның зияны тимейді. Біздің жолды Ақтауға бұрып жібереміз. Содан кейін біздің тауарлар Еуропаға Ақтау порты арқылы Әзербайжан, Түркия асады, — дейді Талғат Әбдіжаппаров.

Былтырғы қарашада Ресей мен Түркия арасындағы «ұшақ дауы» шиеленіскен соң Қазақстан жүк тасымалдаушылары Ресей шекарасында кедергілерге ұшыраған болатын. Ресей шекара қызметінің Еуропа елдерінен транзитпен жүк таситындар үшін жаңа талаптарының шығыны артқан.

Экономист Талғат Әбдіжаппаров былтырғы Ресей рублінің девальвациясы мен оның әсерінен болған ресейлік тауарлардың арзандауы Қазақстан өндірушілеріне зиянын тигізгенін айтады. «Бірақ одан кейінгі Қазақстан теңгесінің 80 пайыздан астам құнсыздануы екі елдің тауар бағаларын теңгеріп, бәсекелестікке жол ашты» дейді ол.

2014 жылдың соңында Ресей рублі құнсыздана бастаған. 2015 жылы Қазақстанның да ұлттық валютасы девальвацияға ұшырап, бір АҚШ долларына шаққандағы құны 180 теңгеден жыл аяғына дейін 330 долларға жеткен.

ИНФЛЯЦИЯ ЭКСПОРТЫ МЕН САЯСАТ

Ал экономист Денис Кривошеев «Қазақстанның ЕАЭО-да болуы дәл осы теңгенің құнсыздануына әсер етті» деп санайды. Сарапшының пікірінше, Қазақстан ЕАЭО-ға кіргендегі діттеген экономикалық мақсаттарына жетпеген.

— Әу баста айтылған «Ресейдің 160 миллион тұтынушысы бар нарығы ашылады» деген әңгіме сөз күйінде қалды. Екіншіден, Еуразия кеңістігінен нақты көрген пайдамыз – инфляция экспорты болды. Ресей саяси және экономикалық тұрақсыздық фазасында болғанын, девальвация қаупі жоғары екенін әуелден айтқан едім. Кесірінен бізде де девальвация болып, оны реттеуге көп қаржы кетті, — дейді Кривошеев.

Сарапшының пайымдауынша, ЕАЭО-дағы Ресей мүддесінің үстем тұруы Қазақстанды саяси қиыншылыққа ұшыратып отыр.

— Біз үнемі таңдау жағдайында тұрмыз. Біз әлдебір жақты таңдауға мәжбүрміз: Ресей мен Түркия, Ресей мен Мысыр, Ресей мен Украина. Үнемі таңдап отыруымыз керек, — дейді Денис Кривошеев.

Экономист Мағбат Спанов та ЕАЭО-дағы Ресей мүдделерінің жоғары тұруы Қазақстанның экономикалық пайда өндіруіне кедергі болып отырғанын айтады.

— Өкінішке орай, Ресей тарапы шешім қабылдар алдында Қазақстанды ескермейді. Ұстанымдар келісілмейді. Кейбірі адамдар тіпті ортақ валюта шығару, ортақ парламент ашу сынды ұсыныстар айтады. Біз колония сияқтымыз. Ресейліктерде одақтағы саяси бағыт басым деп айтар едім. Мәселен, олар кейде еш негіздеместен Қазақстан тауарларына шектеу қойып отырды. Осы аралықта жалпы тауар алмасу 30 пайызға төмендеп кетті деуге болады. Әсіресе, машина жасау, тау-кен өндірісі тауарлары, — дейді Мағбат Спанов.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »