Новости на Newstaraz.

Қазақстандық «калькулятор бала» Индонезиядағы білім бәсекесінде гран-приді жеңіп алды

newstaraz.kz

UCMAS Халықаралық академиясы жыл сайын бүкіләлемдік ауқымда білім бәсекесін өткізеді.

Ілияс Тоқтархан Индонезиядағы білім жарысында гран-при жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

UCMAS Халықаралық академиясы жыл сайын бүкіләлемдік ауқымда білім бәсекесін өткізеді. Қазақстанның ЮСИМАС командасы халықаралық жарысқа жас білімпаздардан құралған екі делегация жіберді.

Похожие статьи

49 баладан құралған бірінші делегация UCMAS Академиясының ментальды арифметика бойынша 10-11 желтоқсанда Малайзия астанасы Куала-Лумпурдегі «Genting International Convention Centre» базасында өткен 22-ші Бүкіләлемдік жарысында ел намысын қорғады. Биыл оған 45 елден жиналған 3000-нан астам бала қатысты.

22 баладан құралған екінші команда Индонезияның Бали аралындағы «Gelanggang Olah Raga» базасында 9 желтоқсан күні өткен ментальды арифметикадан 18-ші Халықаралық жарысқа барды. Биыл осы білім бәсекесіне Индонезиядан 1000-ға жуық бала және қазақстандық жас білімпаздар қатысты.

Жарыс қорытындылары бойынша Қазақстан делегациясы тамаша нәтиже көрсетіп, түрлі жас санаттары бойынша 14 алтын және көптеген күміс, қола медальдарды иеленді. ЮСИМАС Академиясы тарихында екінші рет Қазақстан халықаралық жарыстың гран-приін иеленді, жеңімпаз ЮСИМАС Академиясының ректоры, «калькулятор бала» Ілияс Тоқтархан болды.

«Біз командамен жұмыс істеу бойынша тәжірибе жинақтадық. Қазақстан жалауын халықаралық аренада биікке көтеріп, Қазақстанның Мемлекеттік әнұраны орындалғанда, кеудемізді шексіз мақтан сезімі кернеді», — дейді 22-ші және 18-ші халықаралық жарыстардың жеңімпаздары.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »