Новости на Newstaraz.

Қазақстандықтарды Сібір жарасына қатысты тағы бір аудиожазба дүрліктірді

newstaraz.kz

Қарағанды облысы Шет ауданының Еркіндік ауылында Сібір жарасы таралғаннан кейін WhatsApp арқылы тұрғындардың үрейін ұшырған аудиохабарламалар тарала бастады деп хабарлайды Baq.kz.

Бұған дейін таратылған аудиожазбада нақты қай елді мекен жайында айтылмаса да, көбісі оны Қарағанды облысы Шет ауданының Еркіндік ауылында болған жағдаймен байланыстырды. Аталған аудиожазба көрші Қырғызстан азаматтарына да жетіп, елді дүрліктіріп қойды.

Күні кеше WhatsApp мессенджері арқылы тағы бір аудиохабарлама тарады. Онда нақты Қарағанды қаласы жайында айтылады.

Похожие статьи

«Қазір мен бір сауда орнына кіріп шықтым. Ол жерде таныс бас дәрігер дүкен ұстайды. Оған барсам, дірілдеп алдымнан шықты. Айтады, жаңа ғана планерка болды. Қысқасы былай, бүгінде Қарағанды қаласында 17 адам арнайы палаталарда жатыр. Сібір жарасы бар деген күдікпен, күдікпен емес, нақты Сібір жарасы бар екені анықталды. Олар етті алған жоқ. Ауру далада жүрген жануарлар мен кәріз суы арқылы тарады дейді. Оны жұқтырған адамдар лас жерде жүрген болуы керек. Қарағанды қаласында төтенше жағдай енгізуі мүмкін. Құбырдан су ішпеңіздер, тазалық сақтаңыздар», — дейді орыс тілінде әйелдің дауысы.

Айта кетейік, бүгінде Қарағанды облысында арнайы комиссия құрылды. Науқастарды қараған барлық ауруханаларда тексеріс жұмыстары жүргізіледі. Дәрігерлердің кінәсі дәлелденсе, оларды қылмыстық жазаға дейін тартуы мүмкін.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Еркіндік ауылында Сібір жарасы таралғаннан кейін санитарлық-эпидемилогиялық бақылау қызметі мен денсаулық сақтау саласын біріктіру мәселесін көтеретінін мәлімдеді.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »