Новости на Newstaraz.

Қазақстандық тауарларды Тәжікстан нарығына шығарудың жаңа арнасы ашылды

newstaraz.kz

Географиялық ыңғайлы орналасуы мен тауарларының сапасы жағынан қазақстандық тауар өндірушілер үшін Тәжікстан арқылы Орталық Азия нарығына өтуге зор мүмкіндіктер туады

 

 

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы отандық тауарларды Тәжікстан нарығына шығарудың жаңа жолдарын ашты. Осыған байланысты енді Ақмола астығы, Ақтөбе ұны мен макарондары, Қызылорданың күріші, Қостанай конфеттері, сонымен қатар, Тараз цементі Тәжікстанға экспортталатын болады. Қазақстан сыртқы сауда палатасы ұйымдастырған Душанбе қаласындағы отандық сауда-экономикалық миссиясының нәтижесінде осыған қол жеткізілді, деп жазады ҚазАқпарат

ҚР Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Мейірбек Мәжитовтың айтуынша, миссия барысында тәжік бизнесі қазақстандық компанияларға қызығушылық білдірді. «Сапар аясындағы іскерлік келіссөздер барысында «Новоальджанский мелькомбинат» ЖШС, «Агнер» ЖШС, «Ынтымақ» АҚ және «Нұр-Қас LTD» ЖШС өздерінің өнімдеріне тікелей сатып алушылармен келісім жасады. Келісімшарттың жалпы сомасы 4 млн доллардан асады. Осыған орай, алғашқы экспорттық жеткізілімдер осы айда жүзеге асырылады деп жоспарланған», — дейді Мейірбек Мәжитов.

Похожие статьи

Бұдан бөлек, сапар аясында Қазақстанның Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ағыбай Смағұлов пен «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның басшыларының қатысуымен брифинг өтті. Онда делегация қатысушыларына өнімдерді жеткізу мәселелері түсіндіріліп, Тәжікстан тарапынан жасалатын қолдаулар туралы консультациялар берілген.

«Мисся барысындағы ерекше оқиғаның бірі — Душанбе қаласында Орталық Азиядағы ең үлкен гипермаркеттің іске қосылуы аясындағы тәжік компанияларымен кездесулер болды. Бұнда қазақстандық тауар өндірушілер сауда желілеріне өз өнімдерін таныстырып, алдағы уақытта келісімшарттар жасасуға негіз қалады. Айта кетерлігі, сауда желілеріне қазірдің өзінде 12 мыңнан астам тауарлық позициялар қажет етілетіні анықталды. Алдағы уақытта тәжік компаниялары 5 гипермаркет пен 20 супермаркет желілерін іске қосып, Қырғызстан мен Өзбекстанда өкілдіктер ашпақ. Сондықтан да, географиялық ыңғайлы орналасуы мен тауарларының сапасы жағынан қазақстандық тауар өндірушілер үшін Тәжікстан арқылы Орталық Азия нарығына өтуге зор мүмкіндіктер туады деп ойлаймыз. Осыған байланысты отандық тауар өндірушілерді өздерінің қызметтерін жандандырып, мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамыз», — дейді палата басшысы.

Қанат Мәметқазыұлы

Фото:www.stroy-trading.ru

 


 

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »