Новости на Newstaraz.

Қазақ қыздары пәтері мен көлігі бар жігіттерді іздеп жүр (фото)

newstaraz.kz
Фото: NUR.KZ

Бүгінгі нарық заманының жастарын аға буын ақшаға құмар, байлыққа бүйрегі бұрып тұрады деп көп айыптайды. Әсіресе, қыздар жағын жар таңдауға келгенде бірінші оның материалдық жағдайына көңіл бөледі деген пікір қоғамға дендеп сіңіп келе жатыр.

Бұл сөздің рас-өтірігін айқындау үшін NUR.KZ порталы арнайы әлеуметтік сауалнама жүргізіп, қыздардың жігіттерді таңдауда қандай талап қоятынын анықтап көрді.

Портал жүргізген сауалнамаға студент жастар, көшедегі кездейсоқ жас қыздар қатысты. Сауалнамаға 18-35 жас аралығындағы 100 қыз-келіншек қамтылды.

Сауалнамадан белгілі болғандай, 18-20 жас аралығындағы 100 қыздың тең жартысынан көбі жігіттердің материалдық жағдайына көңіл бөледі екен. Олар үшін бай болмаса да, оның пәтері мен көлігі болуы маңызға ие талаптардың бірі екен.

Ал осы жастағы 100 қыздың қалған 43-і жігіттің көлігі мен пәтері жоқ болып, материалдық жағдайы жақсы болмаса да, оның болашақта отбасының толық жағдайын жасауға әлеуеті жетуі керек деп есептейді. Яғни, олар жар таңдауда оның ақылы, білімі және еңбекқорлығына көбірек назар аударады. 100 қыздың 97-сі жігіттердің сырт келбеті мүлдем маңызды емес деп есептейді екен.

Қыздардың барлығына дерлігі жігіттің түр келбеті отбасылық өмірге мүлдем қатысы жоқ деген пікірде.

Қыздар. Фото: NUR.KZ

«Бастысы пысық, еңбекқор болуы керек. Еңбекқорлықта бәрі жатыр ғой. Еңбекті сүйсе ол ақша да табады, отбасын да асырайды, жұмыста да өседі», — дейді Айзада есімді бойжеткен.

Тұрмыстық жағдайы өзімен тең болу керек дегендер де табылды. Олардың айтуынша, аса бай жігіттер басқаға кетіп қалуы мүмкін. Сондықтан бәріне бірге қол жеткізген дұрыс.

«Жасым 19-да, студентпін. Шыны керек болашақ күйеуімнің ақшасы, пәтері болғанын қалар едім. Өзімнің әпкелерім бар. Махаббат деп тұрмысқа шыққан, ештеңесіне қарамай. Бірақ қазір  балабақшаға балаларын беретін де ақшалары жоқ. Болашақты ойлау керек. Ал өзім 27-28 жаста тұрмысқа шыққым келеді. Осы жас ең ыңғайлы жас деп ойлаймын», — дейді Айзада.

Похожие статьи

Дегенмен, қыздардың арасында байлыққа да, ақшаға да, пәтер мен көлікке де қарамай, оның имандылығы мен жүрегіне де мән беретіндер табылды. 100 қыздың 22-сі жүрегінде иманы бар жігітке тұрмысқа шығатынын айтты.

Фото: NUR.KZ

Алматыға білім іздеп, арман қуып келген мына ақтаулық бойжеткен жігіттің бойындағы адамгершілігі мен адалдығын жоғары бағалайды екен.

Қыздардың «қазіргі жігіттер қандай?» деген сұраққа берген жауаптары да әрқилы болды. Мәселен, Айнұр есімді 23 жастағы бойжеткен жігіттер қыздардан төсек қатынасын көбірек талап ететін болғанын жасырмады.

«Бір жігітпен танысасың, осы тәуірлеу ме деп ойлайсың. Бірақ, бір күн кездескен соң басқаша әңгімелер айта бастайтындар бар. Уақыт өтіп жатыр, бізге де тұрмысқа шығу керек. Бірақ, мен тұрмысқа пәк болып шыққым келеді. Жігіттердің көбі қазір бірден төсек қатынасына барғысы келеді, сөйтіп олардан көңілің де қала береді. Таңдағанда да ойы түзу адамды таппай зар боласың», — деді ол.

«Бірінші кездесуден кейін-ақ төсектес болғысы келеді. Бірінші кездесуден кейін өздерін олай ұстағандары дұрыс емес. Қыздарды шошытып алады», — деп өз пікірін айтты 21 жастағы студент қыз.

Сауалнамаға қатысқан 19 жастағы Арай (есімі өзгертілген) арманындағы жігіттің бейнесін сипаттап берді. Студент қыз болашақ жарының жомарт болғанын қалайды.

«Қазіргі жігіттер сараң, өзінің пайдасын ойлап қалған. Мен болашақ жарымның ондай болғанын қаламаймын», — дейді ол. Арайдың айтуынша, жігіттің қайда жұмыс істейтіні, қанша айлық алатыны қыздар үшін маңызды. Сондай-ақ, басында баспанасы болуы керек. «Өзімнің тұрмыстағы әпкелерімді көріп, жаным ашиды, пәтерден пәтерге көшіп жүр әлі күнге. Оның несі жақсы?!», — деп өз ойын ашық айтты.

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, сұралған қыздардың 90 пайызы 25 жасқа дейін тұрмысқа шыққан дұрыс деп есептейді.

Фото: NUR.KZ

Қыздардың арасында «өз жағдайымды жасап алғаннан кейін, яғни, 30 жасқа таман тұрмыс құрамын» деушілер де табылып отыр. Олардың пікірі «қазіргі жігіттерге сенбейміз, ертең отбасын, бала-шағасын асырай алмаса қайтеміз? Сол үшін оқуымызды бітіріп, жақсы жұмысқа орналасып алған соң ғана жігіт іздейміз» дегенге саяды.

Портал алдағы уақытта қазақстандық бойдақ жігіттердің арасында жүргізілген сауалнама нәтижелерін назарларыңызға ұсынатын болады.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »