Новости на Newstaraz.

Қазақ қызы бриллиантты үйіп-төгіп құда түскен жігітін тастап, екінші ғашығымен қашып кетті

newstaraz.kz

Тойдан қашу. Көрнекі фото: zamana.kz

Той күні белгіленіп қойған қазақ қызы өзге жігітпен «қашып» кетті. Бұл туралы «Замана» басылымына оқиғадан хабары бар тұрғындардың бірі баяндап берген.

«Жақында туысымыздың қызы ата-анасын жерге қаратып кеткенде, бала күнімде көп еститін «Қыз баққаннан қысырақ баққан жақсы» деген мақалдың астарын терең түсінгендей болдым. Бұлай деуіме құрбым Айдананың басынан өткен оқиға себеп», — деп есіне алды Зәуре есімді тұрғын.

«Айдананы сыныбымызда Әділ деген бала кішкентай күнінен жақсы көретін. Кейін олар қалаға көшіп кеткенде Әділ қатты тұйықталып, көпке дейін қиналып жүрді. Мектеп бітірген соң бәріміз жан-жаққа тарап кеттік. Бір қызығы, Әділ де, Айдана да Астанаға оқуға түсіпті. Бірақ Айдана басқа бір жігітпен кездесіп тұрады екен. Оны білмеген болуы керек, Әділ жазғы каникулда ата-анасына Айдананы жар еткісі келетінін айтыпты. Сөйтіп олар Айданаға құда түсіп барады», — дейді Зәуре.

Жігіт қалың малға кемінде 1 миллион теңге жұмсаған.

«Ауыл әйелдерінен естіген болуы керек, апам: «Сырлыбайдың қызының бағы бар екен», – деп қалыңмалға қанша ақша бергенін, қандай сырға таққанын аузынан суы құрып айтып берген. «Жұрттар құда түскенде қызға 60-70 мың теңгенің сырғасын зорға тақса, бұлар құны 300 мың теңгеден асатын бриллиант «комплект» тағыпты, – дейді апам. – Қалың малына 600 мың теңге, «өлі-тірісі» тағы басқа кәделері деп 100 мың теңге беріпті. Сонда қалыңмалының өзіне бас-аяғы 1 миллион теңге кеткені ғой». Олардың құдалықтарының жырын ауылдың сөзуар әйелдері көпке дейін айтып жүрді», — дейді тұрғын.

Похожие статьи

Зәуре той күніне екі жақ та барынша дайындалғанын есіне алды.

«Мұны естігенде Айданаға қызыға да, қызғана қарағанымыз рас. Ауылдың талай қыздарының артынан қалыңмалға 300-400 мың теңге, ал «өлі-тірісіне» деп 20 мың теңге беретінін білеміз. Ал Айданаға берілген қалыңмал бәрінікінен асып түсті. Қазан айына той күнін белгілеп, екі жақ та тойханаға тапсырыс беріп, алдын-ала ақшаларын төлеп қойған. Сыныптастары біздер де бір күні Айдананың ұзату тойына, ертесіне Әділдің үйлену тойына барамыз деп дайындалып жүргенбіз», — дейді Зәуре.

«Алайда өткен аптада Айдананың басқа жігітке күйеуге шығып кеткенін естігенде таң-тамаша болыстық. Бұл қалай болды деп сұрастырғанымызда Айдана: «Мен Әділді емес Азаматты жақсы көреді екенмін», – деп жауап берді. Ол екі жігітпен бірдей сөйлесіп жүрген де, жеме-жемге келгенде Азаматтың етегінен ұстап кеткен. Азамат жақтан хабаршы келгенде ата-анасы оларды үйге кіргізбейміз деп ашуланған екен, олар: «Болары болып қойды, қыздарыңыз табалдырықтан аттап, беташарын өткізіп, содан соң келіп тұрмыз», – депті. Ата-анасы олардың сөзіне сенбей, барғалы жатқанында қызы қоңырау шалып: «Хабаршыларды кіргізіңіздер, аналардың ақшасын қайтарып бере салыңыздар, мен Азаматты таңдадым», – деп айтыпты», — дейді тұрғын.

Зәуренің сөзіне сенсек, Айдана қатал енеге тап болған

«Ата-анасы ауылға барып Сырлыбай көкеге алғандарын қайтарғанда ол кісі де, әйелі де үнсіз отырып қалыпты. Ал туыстары Айдананың ата-анасын ұрсып, ауылдан қуып шыққан. Осыны естігенде жұрттың бәрі Айдананы да, анасын да кінәлады. Ұзатылатын қызын үйінде ұстамай ма оқуына жіберіп несі бар дегендер де болды. Ал Айдананы ешкімнің сөзі қызықтырып жатқан жоқ, ол желідегі парақшасына: «Енем қатал, өте талапшыл екен, атқаратын шаруаларым да көп, соған қарамастан мен бақыттымын» деп жазып қойыпты», — дейді Зәуре.

«Оны көргенде мен Айдана өзіне бала күнінен ғашық жігіттің наласынан қорықпады ма екен деп ойладым. Оған қоса екі жақ құйрық-бауыр жеп, баталасып қойған, соңы не болар екен деп алаңдап жүрмін», — деп қорқынышын жеткізді тұрғын.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »