Новости на Newstaraz.

Қазақ қызымен отбасын құрған босқын Қазақстан азаматтығын алуды армандайды

newstaraz.kz
Эфиопияда туған Тессема Негусса. Алматы, 20 маусым 2016 жыл

Қазақ қызымен некелескен босқын Қазақстан азаматтығын алуды армандайды. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады.

Қазақстанда босқын атанған 700-дей адам бар. БҰҰ босқындар ісі жөнінде бас комиссары басқармасының дерегінше, Астана былтыр босқын мәртебесін сұраған 350-дей өтініштің жартысын кері қайтарған.

Эфиопияда туған Тессема Негуссаның Алматыда тұрып келе жатқанына 18 жылдың жүзі болған. Қазақстанға оқуға келген Негусса кейін отанында азаматтық соғыс туған соң еліне қайта алмай, босқын мәртебесін алып қалып қойған.

Ол қаржылық қиындыққа байланысты оқуын жалғастыра алмағанын айтады. 2000 жылы Әмина есімді жергілікті қызбен бас құраған Тессеманың үш баласы – Бети, Эми және Ракель қазір Алматыдағы мектепте оқып жүр.

«Алматыда 25 мың теңге бір бөлмелі пәтер жалдап тұрамыз. «Саяхат» жақта. Қазір өзім жұмыссызбын. Бұған дейін құрылыста біраз істегенмін. Ауыр жұмыс. Бірақ қазір ешкімге оңай болып тұрған жоқ қой. «Қызыл крест» ұйымы қаржылай жағынан көмектесіп тұрады. Осылайша күн көріп жатырмыз», – дейді Тессема Негусса.

50 жастағы Тессема азаматтығы жоқ азаматтарға берілетін куәлігі бар екенін, бірақ ол құжат көп жерге жарай бермейтінін айтады.

«Отбасым енемнің үйіне тіркелген. Мен тіркелейін деген кезде көші-қон полициясы «сенде азаматтық жоқ» деп тіркемей қойды. Соның салдарынан тұрақты тіркеуім жоқ, жұмыссыз жүрмін. Мен қазір ешкім емеспін. Қазақстандық та емеспін, эфиопиялық та емеспін. Азаматтық алу туралы өтініш беріп едік, Эфиопиядан бір құжат сұратты. Оны алу қиын», – дейді Тессема Негусса.

Тессема Негусса азаматтығы жоқтығы туралы құжатын көрсетіп тұр. Алматы, 20 маусым 2016 жыл

Негуссаның арманы – Қазақстанның азаматтығын алу. Азаматтығы жоқтығы кесірінен отанына әке-шешесі көз жұмған кезде де бара алмаған ол Эфиопияда қалған ағасы мен әпкесін көруді аңсайды.

«Егер азаматтық алсам, тек тұрақты жұмыс қана емес, сонау алыстағы еліне барып туғандарымен көрісуші едім», – дейді Тессема Негусса.

Похожие статьи

«Босқын мәртебесін сұраушының көбі — ауғандықтар»

БҰҰ босқындар ісі жөнінде бас комиссары басқармасының дерегінше, Қазақстанда жүрген 700-дей босқынның 65 пайызы – бұл елде кемі бес жылдан артық тұрып келе жатқан, азаматтық алғанды жоспарлап жүрген Тессема Негусса сияқты азаматтар.

Қазақстаннан өзбек босқындарын отандарына қайтаруына наразы адамдар. Швеция, 30 қараша 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

БҰҰ босқындар ісі бойынша бас комиссары басқармасының кеңесшісі Мария Волошкевичтің айтуынша, Қазақстаннан босқын мәртебесін алушы адамдар қарасы жыл сайын көбейіп тұрады. Елде 2015 жылы босқын мәртебесін алу жөнінде 350 өтініш түсіп, оның жартысы ғана қабылданған.

«Босқын мәртебесін сұрайтындардың 90 пайызы – Ауғанстан азаматтары. Соңғы үш жылда Сириядан баспана іздеп келушілер де кәдімгідей көбірек, 3-5 пайыз құрайды. Кейбір сириялық босқындар – не қазақстандықпен бас құраған, не осында жақындары бар азаматтар», – деді Мария Волошкевич маусымның 20-сында (Дүниежүзілік босқындар күні) Алматыда өткен жиында.

БҰҰ-ның босқындар ісі бойынша жоғары комиссары басқармасының дерегінше, Қазақстан заңы бойынша соғыстан немесе жаппай күш көрсетуден қашқан азаматтарға босқын мәртебесі берілмейді.

«Қазақстанда нәсіл, дін, сенім, белгілі бір қоғамдық топқа кіруіне байланысты немесе (жаппай қуғын-сүргін емес) жеке басының қуғын-сүргінге ұшырауына байланысты елінен кетуге мәжбүр болған азаматтарға босқын мәртебесін беру қарастырылған», – дейді Мария Волошкевич.

БҰҰ-ның босқындар ісі бойынша жоғары комиссары басқармасы Қазақстанның босқын мәртебесін тек бір жылға ғана беріп, әрі қарай жыл сайын ұзартып отыратын ережесіне алаңдайды.

«Бұл босқындарды белгілі бір дәрежеде алаңдатады, әрі мұндай жағдайда болашаққа қандай да бір жоспар құру қиын. Олардың жұмыс табуына да кедергі келтіреді. Сондықтан қазақ үкіметіне босқын мәртебесін тұрақты тұрушы мәртебесіне теңестіруге кеңес береді», – дейді БҰҰ өкілдері.

БҰҰ-ның босқындар ісі бойынша жоғары комиссары басқармасы Қазақстан заңында босқындарға қатысты оң өзгерістер де бар екенін айтады. Мәселен, елде 2015 жылы қабылданған заңға сәйкес, босқындар қарапайым азаматтармен бірдей медициналық көмек ала алады.

Бұған қоса оларға Қазақстаннан тыс аумақта жүріп-тұруына мүмкіндік беретін құжат берілген,бұл құжат алдағы уақытта жарамды бола бастайды.

БҰҰ дерегінше, дүниежүзі бойынша бір минутта 24 азамат бөтен елге қоныс аударуға мәжбүр болады, әлемдегі әрбір 113-адам – босқын. 2015 жылдың соңындағы есепке қарағанда, жер шарындағы босқындар саны 65 миллионнан асқан, олардың жартысы – балалар.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »