Новости на Newstaraz.

Ажырасқандарына 20 жыл болған жұп амалдың жоқтығынан бір шаңырақ астында тұрып жатыр

0

Алматы облысында ажырасқандарына 20 жыл болған жұп амалдың жоқтығынан бір шаңырақ астында тұрып жатыр.

Сорақысы сол, сот шешімімен пәтердің бір бөлмесіне ие болған азамат аядай төрт қабырғасын қоқыс алаңына айналдырып жіберген.

Тіпті жағымсыз иістен мезі болған тұрғындар шағымданып, бірнеше жерге барыпты деп хабарлайды 31 арна.

Пәтеріне түрлі қоқыс жинап, тұрғындардың берекесін қашырған 74 жастағы Михаил Ковшов есімді азамат. Бұл жолы да ешбір шағымға құлақ аспай, өз жөнімен кете барды. Есігі жабық бөлмеде ол 20 жылдан бері тұрып келеді. Төрт қабырғасын күл-қоқысқа толтырғаны аз болғандай, жертөлеге де өзінің сүйікті коллекциясын жинаған.

Ажырасқандарына 20 жыл болған жұп осылайша бір шаңырақ астында өмір сүріп келеді екен. Пәтердің сол жақ бөлмесінде бұрынғы әйелі Любовь Семиненко, ал оң жақ бөлмеде Михаил Ковшов тұрады. Мына қоқысқа толы бөлменің суретін пәтер иелері кооперативінің өкілі сәті келгенде түсіріп алыпты. Ал, құзырлы орган өкілдері қоқыс жинаушының рұқсатынсыз оның бөлмесін ашуға құқығым жоқ,- дейді.

«Ковшовқа қандай да бір наразылық танытсаң, жұдырық ала жүгіреді. Көршілерімнің барлығы біледі. Міне иісті өздеріңіз көріп тұрсыздар. Енді күн жылынғанда жағымсыз иіс қатты сезілетін болады», — дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Любовь Семиненко.

«Кісі келіп дезинфекция жасады. Лично өзімнің ақшама. Мен пенсионермін. Елдің құрт-құмырқасын өлтіремін бе, не жасаймын мен сонда?», — дейді Михаил Ковшовтың көршісі Данипа Жакупова.

Любовь Семиненко қазір шарасыз күйдемін деп күйінеді. Бұрынғы күйеуі не пәтерді сатуға не өзіне тиесілі ақшаны беруге келіспейді. Ал, тазалық мамандары баспана жекеменшік болғандықтан араласа алмаймыз,- дейді. Үстінен бірнеше арыз түсіп жатса да Михаил Ковшовтың қоқысты құлқы жоқ.

 


 

 

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.