Новости на Newstaraz.

Қазпошта дәрі-дәрмекті үйіңізге дейін жеткізіп береді

newstaraz.kz

Ең бірінші кезекте жағдайы ауыр сырқаттар үшін енгізіледі.

Похожие статьи

Қазпошта пациенттің үйіне дәрі-дәрмекті рецептпен жеткізіп береді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде денсаулық сақтау саласын цифрландыру тақырыбында өткен Үкімет сағатында еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. Бұл туралы ҚазАқпаратхабарлайды.

«Қозғалуы қиын пациенттердің белгілі бір санаты бар. Біз Қазпоштамен келісіп, ілкі жоба әзірлейтін боламыз. Оны ағымдағы жылы Қарағанды облысынан бастамақпыз. Дәрігерге рецепті тағайындап берсе жеткілікті. Қазпошта оны пациенттің үйіне, оның ішінде ауылдық жерлерге де жеткізіп береді. Оларда барлық инфрақұрылым бар. толықтай алғанда бұл жоба үнемді. Егер жақсы жүріп кетсе, басқа өңірлерге де таратылады. Ең бірінші кезекте жағдайы ауыр сырқаттар үшін енгізбекпіз», — деді ол. Министр депутаттардың сауалына жауап бере келе, қазіргі уақытта пациенттердің рецепті электронды түрде де алуға мүмкіндігі бар екендігін айтты.

«Диспансерлік есепте тұрған науқастар үшін тегін рецептер бүгінгі күні электронды формада беріледі. Рецепті қағаз түрінде ЖСН-нің көмегімен аталған дәрі-дәрмекті беруге келісімшарты бар дәріханалар порталы арқылы да алуға болады. Таңдау пациентте. Көпшілігі, әсіресе қарт адамдар сенімсіздік танытып, қағаз түрінде сұрағандықтан басып шығарып береміз», — деді Елжан Біртанов.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »