Новости на Newstaraz.

БҰҰ әлемдік қауымдастықты зілзаладан зардап шеккен Ауғанстанға көмектесуге шақырды

newstaraz.kz

Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстандағы гуманитарлық мәселелер жөніндегі үйлестірушісі Рамиз Алакбаров сәрсенбідегі жер сілкінісі кезінде Ауғанстанның шығыс аудандарында шамамен 2 мың үй қирағанын айтты.

Сәрсенбі күні кешке Кабулдан журналистер үшін видеобрифинг өткізген Алакбаров зілзала салдары бұдан да ауыр болуы мүмкін екенін ескертті.

Оның айтуынша, БҰҰ командасында қиранды астындағы адамдарды аршып алуға арналған арнайы құрал-жабдық жоқ, сол себепті жергілікті билікке иек артуға мәжбүр. БҰҰ өкілінің айтуынша, Талибан үкіметі зілзаладан зардап шеккен аймаққа 50 жедел жәрдем көлігі мен бірнеше тікұшақ жолдады. Жергілікті билік зардап шеккен халыққа қаржылай көмек беруге уәде етті.

Бұл уақытта, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) мәлімдеуінше, Ауғанстандағы зілзала салдарынан мыңдаған балаға қауіп төніп тұр.

«Шалғайдағы таулы аймақтардан ақпарат жеткен кезде зілзала зардабы арта түседі. ЮНИСЕФ зардап шеккендерге көмектесу үшін шұғыл топ жолдады», — деді қор өкілі.

Ресми мәлімет бойынша, Ауғанстандағы жер сілкінісінен кем дегенде 1 мың адам опат болды, шамамен 1,5 мың адам жараланды.

БҰҰ кеңсесі, Халықаралық Қызыл Крест комитеті, басқа да елдер әлемдік қауымдастықты Ауғанстанға көмектесуге шақырды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »