БҰҰ Өзбекстандағы апатты жағдайдағы лас суды тазартуға көмектеседі
Өзбекстан БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссияның полигондардағы радиоактивті қалдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынысын меңгеріп, арнайы жұмыс тобын құрды. Осылай деп БҰҰ-ның ресми сайты хабарлады.
БҰҰ мәліметінше, бүгінде Өзбекстанда 41 радиоактивті қалдықтар сақталған орын бар. Олардың онының трансшекаралық әсері бар.
Бұдан бөлек Өзбекстан төменгі ағыстағы ел болып саналатындықтан, жоғарғы ағыстағы елдердің суын ластауға әсер етуі мүмкін.
Биыл сәуір айында мекемеаралық деңгейде ластанған суларды тазартуға байланысты арнайы жұмыс тобы құрылған. Дәл осындай жұмыс топтары Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанда да құрылған.
Аталған жұмыс топтарын БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы қоршаған ортаны қорғау бойынша Швейцарияға оқуға жібереді.
БҰҰ есебіне сәйкес, Өзбекстан әлемде алтын және уран өндіру бойынша алдыңғы елдердің біріне кіреді. Бұл салада өндіріс одан сайын артады деп күтілгендіктен, судың да ластану қауіпі зор.
newstaraz.kz