Новости на Newstaraz.

БҰҰ арнайы баяндамашысынан Душанбе және Вахдат түрмелеріне баруды сұрады

newstaraz.kz

«Бузургмехр» қоры Душанбеде ресми сапармен жүрген БҰҰ-ның құқық қорғаушылардың жағдайы бойынша арнайы баяндамашысы Мэри Лолорды Душанбе және Вахдат қалаларындағы түрмеге барып, билік өкілдерінің қатысуынсыз ондағы саяси тұтқындармен және туыстарымен кездесуге шақырды.

Тәжік саяси тұтқындарының Польшадағы туыстары құрған «Бузургмехр» қорының Лолорға жолдаған хаты ресми сайтта жарияланды.

«Сізде сонымен бірге адвокаттармен және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуге шақырамыз. Себебі билік беріп жатқан мәліметтер жалған және оларды тексеру мүмкін емес», — деп жазылған мәлімдемеде.

Тәжікстан билігі елде бірде-бір саяси тұтқын жоқ екенін, тұтқындар жасаған қылмысы үшін сотталғанын айтып келеді.

Бірақ азаматтық қоғам өкілдері Тәжікстанда өзгеше пікір айтқаны үшін жүздеген оппозиция өкілдері, адвокаттар және журналистер сотталғанын, бұл үрдіс соңғы уақытта тіптен көбейгенін мәлімдеді.

«Бүгінгі Тәжікстан – бұл қоғамның барлық тармағы биліктің қатал бақылауында тұрған авторитарлық басқару режимі», – деп жазылған хатта.

«Бузургмехр» БҰҰ өкілінен саяси негіздермен сотталған адвокат Бузургмехр Ёровгқа ерекше көңіл бөлуді сұрады. Билік оны таяуда Вахдат түрмесінен Душанбедегі күшейтілген бақылаудағы абақтыға ауыстырған.

Мэри Лолор Тәжікстанға келердің алдында бұл өлкедегі құқық қорғаушыларды қорғау бойынша жоспарланған шаралар мен заңдарды, үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу, сөз еркіндігін, бейбіт жиындарды өткізу еркіндігі және заңдық көмек көрсетудің қол жетімділігі жағдайын зерттеп шығуды қалайтынын айтқан.

Лолор Тәжікстанға жасаған ресми сапарының қорытындысын БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша кеңесіне 2024 жылы наурызда тапсырады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »