Новости на Newstaraz.

БҰҰ Бас хатшысы: «Қырғи-қабақ соғыс қайта басталды»

newstaraz.kz

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қауіпсіздік Кеңесінің қазіргі түрі Сириядағы жанжалды шеше алмайтынын мойындады. «Қырғы-қабақ соғыс қайта басталды», — деді ол SVT швед телеарнасына.

Бас хатшының пікірінше, қазіргі соғыс пен өткен ғасырдағы теке-тірестің бірнеше маңызды айырмашылықтары бар. Ол кезде АҚШ пен Совет Одағы арасында өте күрделі жанжал болды. Қазір бірнеше елдің мүддесі алдыңғы орынға шығып отыр, деп есептейді Гутерриш. Оның айтуынша, АҚШ пен Ресейден басқа, Таяу Шығыста Түркия, Иран және Сауд Арабиясы өте белсенді болып тұр. Дегенмен ірі ойыншылар бұрынғыдай жанжалға қатысушылардың барлығына бақылау жасай алмай отыр, деп мәлімдеді Гутерриш.

Сирияның өзінде түрлі әскер орналасқан, мұнда бүкіл әлемдегі бүлікшілер соғысып жатыр, сүнниттер мен шиіттер жанжалы бар, аймақтың басқа да бөліктері арасында келіспеушіліктер бар. Соған байланысты БҰҰ бұл мәселелердің барлығын шешеді деу қисынға келмейді, деді Гуттериш.

Похожие статьи

Сол себепті ол Қауіпсіздік Кеңесін реформалау қажет деп есептейді. Оның пікірінше, БҰҰ ҚК мүшелері вето қою құқығын тым жиі қолданады.

14 сәуірде АҚШ, Ұлыбритания және Франция Сириядағы нысандарды зымырандармен атқылады. Бұл соққы Сирия үкіметінің Дума қаласында химиялық қару «қолдануына» қарсы жауап ретінде жасалды. Мәскеу мен Дамаск химиялық шабуыл болған жоқ деп отыр. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сириядағы химиялық шабуылға қатысты қарар қабылдай алмай, ортақ шешім шығармады. Одан соң Қауіпсіздік Кеңесі Ресейдің Сирияда жасалған соққыларды талқылау жөніндегі қарарын өткізбей тастады.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »