Новости на Newstaraz.

Бақытбек Есентаевтың әпкесі туыстарын қаралаған Баянға ескерту жасады

newstaraz.kz

Баян Есентаева

Бақытбек Есентаевтың әпкесі мен туыстары Баянның соңғы берген сұхбатына жауап берді. Қайынсіңлісі Нағиманың жеке өмірін елге жайып салған продюсердің сөзіне ашуланған туыстары бар шындықты айтуға бекініп, NUR.KZ порталына эксклюзивті сұхбат берді.

Бір жылдан бері ел аузында болған Баян мен Бақытбектің жеке өмірі, қарым-қатынасы туралы жақ ашпаған Есентаевтың туыстары осы қадамға баруға мәжбүр болып отырғанын айтады. Олар Баянның «Еуразия» арнасына берген сұхбатында Бақытбектің қарындасы Нағиманың күйеуінен  ажырасып, екінші рет тұрмысқа шыққанын елге жайып салғанына наразы болған.

«Бір жылға дейін аузымызды ашпадық. Бақытбектің отбасы, араласпайық, өздері шешсін дедік. Бақытбекті сыйлағандықтан, «жақсы болсын, жаман болсын әйелі ғой деп, екі баланың анасы ғой» деп тіс жармадық. Бақытбекті түрмеге отырғызды. Айтарын айтты, қаралады, жазатынын жазды. Енді келіп оның туыстарына ауыз салды. Бұл қылығына шыдамағандықтан, осы сұхбатты беріп отырмыз. Енді осылай жалғаса беретін болса, біз де қарап қалмаймыз.

Біз де Баянның отбасы, әке-шешесі туралы, өзі  туралы барлық шындықты айтып, атын атап, түсін түстеуге мәжбүр боламыз. Қазір айтпай отырған себебіміз, олардың артында бала-шағалары, отбасылары тұр«, — деді ашуланған Назым Есентаева.

«Нағиманың күйеуінен ажырасқаны рас. Екеуінің мінезі жараспағандықтан ажырасқан. Бірақ күйеуімен ажырасқаннан соң он жылдан соң барып тұрмысқа шықты. Ажыраспай жатып, басқа біреудің барып қойнына кіріп алған жоқ Нағима. Алматының жігіті, өте жақсы жігіт. Біздің Бақытқа қатты ұқсайды. Аузын ашса, жүрегі көрінетін, адамгершілігі мол адам. Бұрын отбасы болған, бірақ балалары болмаған.

Нағиманың екі баласы әкесімен араласып тұрады. Қайынжұрты, қайын әпке, қайын ағаларының барлығы Нағиманы жақсы көреді. Қоңырау шалып, хабарласып, хал-жағдайын сұрасып тұрады», — дейді ол.

Сонымен бірге, ол продюсердің келіндік қызметін дұрыс атқармағанын айтты.

«Баянды біз келін, жеңге деп мойындамайтынбыз. Ол  келіндік міндетін де дұрыс атқармаған. Құтылғанымызға қуанып отырмыз шыны керек. Бірақ мұндай жағдайда емес, адам құсап, ажырасқанда дұрыс болар еді. Бұлай болады деп ойлаған жоқпыз. Бауырымның арқасында осы күнге жеткен. Туыстарына барлық жағдайды жасады.

Тіпті Баянның анасының өзі үйіне барған сайын «Бақытбек бізге күйеу бала емес, туған ұлымыздай. Егер тап Баян келінім болса, оны күнде сабатып отырар едім. Туған баламнан көрмеген жақсылықты, Бақытбектен көріп отырмын», — деп отыратын.

Халық ешнәрсе білмесе де, біз туыстары біліп отырмыз. Бүкіл туыстарының атынан келіп отырмыз. Бақытбектің жомарт жан екенін, оның қаншама адамға үй алып бергенін, қанша жанға көмек бергенін бәрі біледі.

Бүкіл туыстарды аяғынан тік тұрғызған осы бауырым. Бақытбектің өзі спорт шебері, спортшы. Жалпы біз кішкентайымыздан анамыздан жетім қалдық. Бақытбек екі жарым жасында, Нағима қырқынан шыға сала қалған. Ағамыз бар. Ол кісі осы жағдайдан соң жүрегі ауырып, неше рет өлім аузынан қалды», — дейді продюсердің бұрынғы  қайын әпкесі.

Назым Есентаеваның айтуынша, Баянның кітапта ақиқатын жаздым деген сөзінің өзі шындыққа жанаспайды.

Похожие статьи

«Шығарып отырған кітабында жазғанының 50 пайызы өтірік.

Жазатын болса, неге Мөлдір Әуелбекова туралы шындықты жазбайды? Оны неге «KeshYOU»-дан қуып шықты? Бағым мен оның күйеуі туралы шындықты неге жазбаған? Бағым да ажырасқан. Төрт-бес жыл бойы күйеуімен ажырасып, бөлек тұрды. Ол неге ажырасты? Кіммен тұрды? Неге кетті? Оны неге айтпаған?

Әке-шешесі туралы шындық неге айтылмаған? Мен тек шындықты айтамын деді ғой. Бақытбекке сүймей қосылғанмын, 22 жыл бойы бақытсыз өмір сүрдім деді. Шыншыл болса, неге сүймейтінін айтып, ажырасып кетпеді? Бақытты кейіп танытып, неге бірге өмір сүріп келген? Оны неге жазбаған кітабында?

Ботокс жасатпаймын пластикалық ота жасатпаймын деген сөзі де өтірік. Өз көзімізбен көрдік жасатқанын. Сондықтан, шындықты айтар болса, ақиқатын айтсын», — дейді ол.

Назым Есентаеваның айтуынша, осы уақытқа дейін Бақытбектің әйелі туралы түрлі өсектерге де мән бермей келген екен.

«Бақытбек ақкөңіл адам. Тіпті осы күнге дейін ол ел арасында жүрген түрлі өсектерге мән бермейтін. Ол халықтың адамы болған соң, көре алмай айта береді деп кеңпейілділік танытатын. Керісінше, барлық бастамаларын қолдап, фамилиямды елге таныттың, Есентаевты шығарып жүрсің ғой деп үндемейтін.

Барлық еркелігін көтерген. Әке-шешесін өзінің үйіне әкеліп, бірге тұрды. Сыйлады. Былайша айтқанда, алақанында ұстады. Баяннан тек адал болуын сұрады. Опасыздықтан басқаның барлығын кешіремін дейтін.  Енді міне, осындай жағдай орын алып отыр. Намысы бар кез келген қазақтың жігіті мұндайға шыдай алмайды. Амалсыздан ғана барып отыр», — дейді Есентаева.

«Аузымды ашатын болсам, айтатын нәрсе көп, кім туралы айтамын, не туралы айтамын, оны өздері де біліп отыр. Бақытбекті жала жауып, соттатып, құтылғанымен қоймай, енді туысқандарына түсті. Бір жылдан асты, осы уақытқа дейін шыдадық. Бер жағын ғана айтып отырмын. Ар жағын айтып қопаратын болсам, тіпті сұмдықтар бар. Ертең мына кітабын алған адамдар, оны қайтарып беріп, ақшамды қайтар дейтін болса, сонды көреміз Баянның күлгенін. Біз білетін дүниелердің барлығын кітаптан таппадық.

Шындықты білгісі келсе, уақыты келеді, сонда біз айтамыз. Бұл менің жай айтып, ескерткенім. Баянның Нағима туралы айтқанына ашуланып отырмыз. Егер ол қайта-қайта сұхбат беріп, бауырымызды қаралап, күйе жаға беретін болса, намысына тие берсе, біз де қарап қалмаймыз, ренжімесін. Баян туралы бар шындықты айтып беруге дайынбыз. Соттасуға дейін барамыз.

Баянның бақытты болуына қарсы емеспіз. Тұрсынғалиға шыға ма, кімге шығады, бақытты болсын. 22 жыл бойы бауырымызбен «бақытсыз өмір сүріпті ғой». Сол үшін бақытты болсын. Бірақ біз үндемеді екен деп, Бақытбектің түбіне жеткенімен қоймай, біздің намысымызға тимесін. Бұл оған, әке-шешесіне жасаған ескерту болсын», — деді ол.

Атышулы істің кейіпкеріне айналған бауырына кесілген жаза да әділ берілмеген деп отыр ол.

«Ініме Баян мен оның көңілдесі қасақана ор қазған. Әйтпесе, тіпті кісі өлтірген адамға мұндай жаза кесілмейді. Көптеген адамдар бүгінде бізді қолдап, өздері хабарласып жатады. Шолпан есімді әпкеміз тіпті қол жинап, Бақытбекті шығаруға ат салыспақ болды. Ол кісіге алғысымыз шексіз, халыққа рахмет айтамыз», — деген ол өздерін қиын кезде демеген барлық жанға алғысын жаудырды.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »