Новости на Newstaraz.

Балқаштағы атышулы зорлық оқиғасының куәгері жалған мәлімет берген

newstaraz.kz

Қазір сот тыңдалымы жабық өтіп жатыр.

Похожие статьи
Балқаш тұрғынын ұрлау және топпен зорлау ісіне қатысты куәгер жалған түсінік бергені үшін сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Бұл іс зорлықтың құрбаны болған Нұргүл Құсылбекованың Алматыдағы баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінен кейін резонанс тудырған еді. Тергеу барысы Қарағанды облыстық прокуратурасының бақылауына алынып, қалалық ІІБ-ден өңірлік ішкі істер департаментінің тәжірибелі тергеушісі, тергеу басқармасы бөлімінің бастығы Татьяна Рыбалкинаға берілді.
Алдын ала тергеуде белгілі болғандай, зардап шегушінің танысы екі күдіктіні жақтап, жалған куәлік еткен. Зардап шегушінің сөзіне қарама-қайшы түсінік берген куәгер өз айтқанынан қайтпаған. Тергеуші 36 жастағы әйелді ҚР ҚК 420-бабы «қасақана жалған куәлік ету» бойынша қылмыстық жауапқа тартты.
Іс Балқаш қалалық сотына беріліп, Балқаш судьясы Айнұр Жандильдина айыпкерді кінәлі деп таныған және оның кәмелетке толмаған екі бала тәрбиелеп отырғанын ескеріп, оны шартты түрде 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.
«Үнсіз қалма» республикалық қозғалысының белсендісі, зардап шегушінің қоғамдық өкілі Дина Смаилованың айтуынша, сотталушы әйел Қылмыстық кодекстің 432-бабында көзделген қылмысты жасырғаны, сондай-ақ ҚК 28-бабы «қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылық» бойынша үшін жауапқа тартылуы тиіс.
Сондай-ақ, зардап шегушінің адвокаты сотталушылардан моральдық зардап үшін өтемақы өндіру туралы азаматтық өтінім берген. Талап етілген сома — 60 миллион теңге. Әр күдіктіден 30 миллион теңге талап етуде.
Қазір сот тыңдалымы жабық өтіп жатыр. Істі судья Марат Башанов қарауда.
Еске салса кетейік, осы жылдың ақпанында Балқаш тұрғыны Нұргүл Құсылбекованы екі ер адам аяусыз зорлап, зиратқа апарып, өзіне көр қазуға мәжбүрлеген еді.
newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »