Новости на Newstaraz.

Балаға таласқан екі ана ортақ шешімге келе алмай әлекке түсті

newstaraz.kz

Скриншот: 31 арна

Алматы қалалық сотында бір балаға таласқан екі ананың ісі жалғасуда. 2 жастан енді асқан Жеңісті нәресте кезінде бөбектер үйінен қамқорлыққа алып, артынша асырап алған Гүлжан Қилыбаеваға соттың шақыртуымен баланың туған анасы қарсылық танытып отыр. Бірі мен тудым десе, екіншісі мен бақтым дейді.

Жеңіс есін білгелі өзін қамқорлыққа алған жұбайларды әке-шеше деп таныған. «Оны қазір бет-жүзі бөтен туған анасы алып кетсе, баланың онсыз да нәзік психологиясы бұзылады», — деп алаңдайды Гүлжан.

Десе де сот басымдық биологиялық анада деп қамқоршы отбасыға баланы қайтару жөнінде шешім де шығарып қойған. Алайда, Қилыбаеваның заңгері бұл баласын бір де бір рет іздеп келмеген ананы мәжбүрлеп тауып, асырап алу құпиясын бұзған сот қателігі екендігін айтуда.

Похожие статьи

Бұл жолы аппеляциялық сот шешімі тағы кейінге шегерілді, судья қос тарапты бітімгершілік келісімге келіп, баланы ортақтасып бағуға шақырып отыр.

«Ешкім баланы бірден тартып алып кетейін деп тұрған жоқ. Бүлдіршіннің жүйке жүйесіне соққы бермес үшін екі тарап ортақ келісімге келіп, баланы біртіндеп туған анасына үйретіп, беру керек. Бірақ 1 жылдан бері Қилыбаева баланы көрсетпей қашып жүр», — дейді Биологиялық ананың заңгері Оксана Буряк.

 

31 канал

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »