Новости на Newstaraz.

Балаларын қайын атасы мен анасы күштеп тартып алған әжей өткеніне өкінді

newstaraz.kz

Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды

Қазақта тұңғыш балаларын шаңырақтың үлкендері бауырына басатын дәстүр бар. Мұндай кезде немересіне ата-анасының кім екенін айтып, олардан ажыратпай өсіру маңызды. Алайда қай заманда да өзімшілдікке салынып, баланы туған әке-шешесіне жолатпай, олардан жырақ ұстайтын ата-әжелер де табылады.

Осындай себеппен тұңғыш екі қызын бірдей емірене иіскей алмаған әйел NUR.KZ порталының оқырмандарымен өз басынан өткен оқиғасымен бөлісті.

Бүгінде 80-ге таяған Зағипа әжей 19 жасында тұрмыс құрған. Нан тауып жеудің қамымен таңның атысынан күннің батысына дейін ауыр еңбекке араласқан ерлі-зайыптылар бес жыл бойы бір баланы аңсайды.

«Сол алғашқы бес жылда қайын атамнан естімеген сөзім қалмады. Жарықтық өте қатал кісі еді. «Бедеусің» деп те айтты. Жолдасым әкесінен қатты қорқатын. Екеуміз де үндемедік. Алтыншы жыл дегенде аяғым ауырлап, тоғыз айдан соң дүниеге қыз бала келді. Атын Мереке деп қойдық. Ата-енеміз қатты қуанды. Бір жасқа толғанда қайын атам үйге келіп, қызымызды алдына салып, киім-кешегі, бесігімен бірге өз үйіне алып кетті. Кейін тіпті құжатындағы тегін де өзгертіп, өзінің қызы етіп жазып алды. Оған да көндік», — деп еске алады әжей.

Зағипа әжейдің айтуынша, ол уақытта үлкенге қарсы сөйлеу тұрмақ, бетіне қарай алмайтын болған. Сөйтіп анасы тұңғыш қызының қалай өсіп жатқанын тек сырттай бақылап қана жүрген. Өсе келе Мереке ата-анасын аға-жеңге деп атап кеткен. Қазіргі таңда ол Зағипа әжейдің өз қолында өскен балаларымен жақын араласып тұрады екен.

Екінші рет бала сүйген Зағипа әжейдің бақыты ұзаққа созылмапты. Ерлі-зайыптылар Қуаныш есімді қыздарын небәрі алты ай бағып-қаққан.  Себебі туған анасы құдасына ерегесіп, Зағипа әжейдің 1965 жылы туған екінші қызын тартып алыпты.

«Анам да қатал кісі болды. Анамның айтқанын екі етпей жүрген мен осы жолы оған қарсы сөз айттым. Бірақ анам қызымды қояр да қоймай келіп жүріп, алып кетті. Бір ауылда тұратындықтан қызымды көріп тұратынмын. Бірақ бұл қызым нағашы жұртында болғандықтан бізге мүлде суық боп өсті. Бой жетіп өскенше туған әке-шешесінің біз екенін айтпаған. Бірақ іштей сезіп жүрген болуы керек. Тегін менің туған бауырыма жазғызған. Осылайша тұңғыштарым екі жақтың үлкендерінің бауырында өсті», — дейді Зағипа әжей.

Похожие статьи

Ерлі-зайыптылар тек екі қыздан кейінгі ұлдарын өздерінің қолында өсіруге мүмкіндік алған. Зағипа әжей төркініне берген Қуанышының  тағдыры қиын болды дейді. Әжей нағашы жұртта өскен қызынан осыдан үш жыл бұрын айырылыпты.

«Өзімнің әке-шешем қайтыс болғаннан кейін Қуанышты жеңгем бақты. Онымен бірге тұрғанда Қуаныш еш қызық көрмеді. Үйдің бар жұмысын сол атқарды. Мектепте мұғалім бола тұра, қыз басымен мал да бақты, қора да тазалады. Көргені бейнет болды. Оны елдің бәрі білетін. Ақыры Қуанышты есі дұрыс емес деп, жындыханаға жатқызды. Бір күні ол үйге жылап келгенде, өзімді қоярға жер таппадым. «Мені неге біреуге бере салдың?», — деп еңірегенде жүрегім қан жылады. Киім-кешегімен келіпті. Сөйтіп үйде он күндей жүрді. Артынан жеңгем келіп оны алып кетті. Қанша жыл бөтен үйде өскен соң, өзге балаларыма да суық көрінді. Бірақ мен оларға әпкесі екенін үнемі айтып отыратынмын. Амал не, құрсағымнан шыққан қызды дұрыстап жоқтай да алмадым. Соған өкінемін», — деп көз жасын бір сығып алды қарт әже.

Зағипа әжей 12 құрсақ көтеріп, бүгінде жеті баланы тәрбиелеп жеткізген. Ол өзінің басынан өткен жайды еске ала отырып, баланың өз әке-шешесінің қолында өскені жөн деп есептейді.

Бұған қатысты психолог маман өз пікірін білдірді.

«Адамның тағдыры кей адамдарға ойыншық көрінеді. Бұл жерде қыздардың анасының «Мен» деген жеке ұстанымының жоқтығы көрінеді. Осының салдарынан балаларынан айырылып отыр. Онымен қоса өзіне деген сенімсіздігі байқалады. Екі жақтың көре алмаушылығы да өз әсерін тигізген», — деген ойда психолог Ермек Нұрымов.

Маманның айтуынша, ата-әжесінің қолында тәрбиеленген балалардың шамамен 30% ғана өмірге бейімделеді. Ал қалған балалар көбіне қоғамнан өз орнын табуы қиынға соғады екен.

«Қыз балаға тәрбиені анасы беруі тиіс. Қыз бала балиғат жасына яғни 10-15 жасқа толғанда  физиологиялық, психологиялық өзгерістер орын ала бастайды. Нақ осы кезде туған ананың ролі аса маңызды. Онымен сыр шертісіп, құпиясымен бөлісетін адам табылмай аяғы тұйық және жабық адамға айнала бастайды. Бұл адамның келешек өміріне қалыптасуына көп кедергісін келтіреді», — дегенді алға тартады психолог.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »