Баласының өзінен еместігін білген ресейлік азамат әйелі мен қызын өлтіріп тастады
Көрнекі фото: 360tv.ru
Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкері келіншегі мен қызын пышақтап, кейін өзіне қол жұмсап, кеңірдегін кеспек болған деп хабарлайды reactor.inform.kz.
8 жыл бұрын шаңырақ көтерген отбасы тату-тәтті ғұмыр кешіп, 7 жастағы қыздарын тәрбиелеп отырған. Ал төрт ай бұрын екінші қыздары дүниеге келген.
Қылмыс болған күні көршілері ерлі-зайыптылардың қатты ұрысқанын айтқан. Әкесі үлкен қызын қыдыруға қоя берген.
Жанжал соңы қайғылы аяқталып отыр.
Қазір отағасының өзіне ота жасалған, ауруханада жатыр. Қан құрамында есірткі бар-жоқтығын тексерілуде. Сондай-ақ аз мөлшерде ішімдік ішкені анықталған. Ол мұндай қадамға баруына кіші қызының өзінен еместігін білгеннен кейін барған болуы мүмкін дейді таныстары.
newstaraz.kz