Новости на Newstaraz.

Бас мүфти: қандай жағдай болса да, дінді саясаттың құралына айналдырмау керек

newstaraz.kz

Елордада Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы өтіп жатыр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыны төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Еуразия мұсылмандарына қазіргі сын-қатерге төтеп беру үшін бірігуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Похожие статьи

«Бүгінгі таңда әлем қарқынды түрде өзгеруде. Адамгершілік қасиеттер көбіне тасада қалып жатқан қазіргі жаһандану заманында бойына рухани құндылықтарды жинақтаған жандар ғана сана «соғысынан» аман қалып, қауіп-қатерден құтылады. Жаңа замандағы тенденциялар мен сын-қатерлерге төтеп берудің төте жолы – дініміздің асыл құндылықтарымен өріліп, өрнектелген діни танымымызды қайта жаңғырту. Бұл бағытта рухани қайта өрлеу мен дүниетанымдық тұрғыдан терең өзгеріс қажет», — деді Бас мүфти.
ҚМБД төрағасы діни экстремизмнің алдын алу үшін Еуразия мұсылмандарының рухани бірігуінің тұжырымдасын әзірлеуді ұсынды.

«Тұжырымдама мына негізде әзірленеді: бірінші, толеранттылық пен төзімділік, ынтымақтастық пен өзара түсіністік қағидаттары негізінде қауіпсіздік пен дамудың жаңа әдістерін әзірлеу бойынша кең ауқымды диалогты жолға қою: екінші, аумақтық тұтастық, тату көршілік, өзара тиімді қарым-қатынасты, сондай-ақ ұлтаралық және діниаралық ынтымақтастықты сақтау: үшінші, үнемі жұмыс істейтін «Еуразия мұсылман ғұламалары форумының хатшылығын құру. Аталған хатшылық тұжырымдаманы әзірлеу бойынша жұмыс органы болып табылады», — деді ол.
Бас мүфтидің айтуынша, Еуразия мұсылмандары радикализмнің кез келген түрін, оның ішінде дін астын жамылған содырлық әркеттерді ешқашан қолдамауы керек. Керісінше, исламға қатысты ксенфобия орын алмас үшін діни радикализмге қарсы орынды сын айтып, ортақ ұстанымдарды жариялап отыру қажет.

«Еуразия кеңістігіндегі мұсылман халықтары негізінен зайырлы мемлекеттерде өмір сүреді. Әлбетте, әрбір зайырлы мемлекеттің өзіндік ерекшеліктері бар. Дегенмен, «дінді саясиландырмау» қағидасы зайырлы мемлекеттердің барлығына ортақ деп санаймын. Олай болса, біз қандай жағдайда да дінді саясаттың құралына айналдырмауымыз қажет», — деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »