Новости на Newstaraz.

«БАТЫС» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНДА ӘСКЕРИ ЖЕКПЕ-ЖЕК БОЙЫНША АШЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

newstaraz.kz

Атырау қаласында Ақтөбе, Ақтау, Атырау гарнизондарының әскери қызметшілері мен Ұлтық Ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметшілерінің қатысуымен «Қазақ жауынгері» жарыстары өтті.

Жарыс Атырау қаласының Орталық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің базасында өтті. Чемпионатқа Атырау, Ақтау және Ақтөбе гарнизондарынан 10 команда 100-ге жуық спортшы жауынгерлер қатысты.
Чемпионат 9 түрлі салмақ дәрежесі бойынша өткізілді, олар 55 кг дейін, 60 кг дейін, 65 кг дейін, 70 кг дейін, 75 кг дейін, 80 кг дейін, 85 кг дейін, 90 кг дейін, 95 кг дейін және 95 кг жоғары салмақ дәрежелері.

Өңірлік қолбасшылықтың әскерлері қолбасшысы полковник Нұрлан Алдияров: «Бүгінгі күні әскери жекпе-жек Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевтың жетекшілігімен үлкен жетістіктерге жетіп, әскери және азаматтық ортада зор қолдау көруде. Бұл тенденция жылдан жылға Әскери жекпе-жек сайысын Қарулы Күштердің басты спорт түріне айналдырып, қарыштап дамитынына сенемін. Бүгінгі боз кілемге шығуға бел буған, ержүрек жауынгерлерге кездесулерде барын салып, таза, әрі әділ ұрыс көрсетуді тілеймін» — деп жарыс басында сөз сөйледі.

Чемпионаттың қортындысы бойынша жалпы есептегі бірінші орынды Ақтөбе қаласының 30238 әскери бөлімі, ал екінші және үшінші орындарды Атырау қаласының 41433 және 2016 әскери бөлімдері еншіледі. Жеңімпаздар бағылы сыйлықтармен қоса грамота және медальдермен марапатталды. Ендігі кезекте, жеңімпаздар құрамынан өңірлік қолбасшылықтың құрама командасы жасақталып, олар ақпан айында Алматы қаласында өтетін Қарулы күшердің чемпионатына дайындалатын болады.

Әскери жекпе-жек ұрысы классикалық жекпе-жек ұрысынан өзінің экипировкасымен ерекшеленеді. Әскерилер үстіне жаздық далалық костюм мен қорғаныс сауытын киіп ұрысады. Оның техникалық арсеналы қол, аяқ, және тіземен жасалатын соққылардан құралған. Әдетте спортшылар самбо мен ұлттық күрестің лақтыру әдістерін, каратэдегі аяқ және бокстағы қол соққыларын, сонымен қоса тұңшықтыру және ауырту әдістерін қолдану арқылы ұрысты жүргізеді.

пресс-служба Управления командующего
войсками регионального командования «Запад»
капитан Рустем Игисинов
Контакты: +7-777-641-11-72 (Whatsapp)

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »