Новости на Newstaraz.

Баянауылда Қоңыр әулие үңгірінің шырақшысы күн батареясын орнатуды көздеп отыр

newstaraz.kz

Қоңыр әулие шатқалы ерекше қорғалатын аймақ болып саналды.

Похожие статьи
Баянауыл ауданындағы Қоңыр әулие шатқалында тұратын ұлттық парктің мемлекеттік инспекторы әрі шырақшы Алтынбек Құрманов 2018 жылдан бастап күн батареясын орнатуды көздеп отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Жапандағы жалғыз үйде тұратын азамат табиғи байлықты қорғауды өз мойнына алған. Мұнда ол сәуір айында келіп, күздің қазан айы түскенге дейін туристерді киелі өлкенің тарихымен таныстырады. Қыс мезгілінде ұлттық паркте экскурсия жүргізушілерге сабақ береді.
— Өзім осы жерде қызмет еткеннен кейін күн батареясын орнату туралы идея келді. Бұл ойымды қолдаған астаналық кәсіпкер, өнертапқыш Нұрмағамбет деген ағамыз көмек қолын созып, былтыр күн энергиясынан қуат алатын жарық қойылған болатын. Табиғи энергия орманшы үйінің екі жағын қамтыды. Дегенмен жарықты пайдаланған жоқпын. Себебі эксперимент ретінде ЭКСПО көрмесіне жіберілді. Келесі жылы қайтадан құру ойда бар. Мұнда зиярат етіп келушілер түнейді. Біздің басты міндет — табиғатты қорғау. Демалушыларды алысқа жібермейміз, себебі от жағып, табиғатқа қауіп төндіруі мүмкін.
Мемлекеттік инспектордың сөзіне сүйенсек, Қоңыр әулие өте көне заманнан Жаратқаннан адамдардың тілек тілейтін орны деп саналған. Бұл — адам мүрдесі жерленбеген табиғи құрылым. Тіпті, 18 ғасырдың аяғында осы үңгір жайлы еуропалық және ресейлік патша шенеуніктерінің жазбаларында кездеседі. 1790 жылдары «Оренбургская топография» кітабының авторы Петр Рычков қоңыр әулиеде болғанын жазады. Сонымен қатар, Шоқан Уәлиханов пен Григорий Потаниннің жазбаларында кездеседі. 1920 жылы Қаныш Сәтбаев та киелі мекен жөнінде көп дерек қалдырған. Кеңес үкіметі кезінде дінге қарсы науқан жүргізілген кезде де бұл жер аман сақталып қалған.

— Жаз мезгілінде демалушылар саны 700-ге дейін жетеді, — дейді Алтынбек Құрманов. — Үңгірде келушілердің қолтаңбасы бар кітапша қойылған. Мұнда қонақтар өздерінің алған әсерлері туралы жазып, түрлі ой-пікірлерін білдіреді. Мәселен, биыл Франция, Англия, Польша, Венгрия, АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея, Қытай және Ресей елдерінің өкілдері келді. Олардың мақсаттары да әртүрлі: біреулер денсаулығын мазалаған дерттен дауа іздесе, енді бірі Жаратушыдан перзент сұрайды. Әсіресе, жұма және жексенбі күндері халық қалың болады. Бұл жерде Қоңыр әулие бұлағы бар. Жүз метр ағып, жер астына жоғалып кетеді. Қыста қатпайды.

Өлкетанушының айтуынша, тәуелсіздік алғаннан кейін 2000 жылдан бастап Баянауыл ұлттық паркі Қоңыр әулие үңгірін туризм бағыты бойынша он бірінші маршрут ретінде ашқан. Көлік тоқтайтын жерден биіктігі 820 метрді құрайды. Оның 220 метріне осыдан он жыл бұрын тұрғындар бірігіп ағаштан баспалдақтар жасаған. Алайда жауын-шашын мен аптап ыстықтан нысанның тозығы жеткен. Сондықтан биыл ұлттық парктің директоры Сүйіндік Ахметжанов пен қызметкерлері жаңартуды қолға алып, тақтайлары мен темірден таяныштары ауыстырылған, екі демалатын күрке тәрізді орын жасалған. Себебі үкіметте бұл мақсатта қаражат қарастырылмаған.

— Саябақ аумағында төрт көл орналасқан: Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр және Біржанкөл. Оның үшеуі туристерге қызмет етеді. Су мен балық қоры азаюда. 1980 жылдардың соңында жыртқыш балықтар жіберіліп, балдыр мен шөпқоректі балықтардың тұқымын құртып жіберген болатын. Былтыр аймақ басшысы Болат Жұмабекұлы өтінішімізге қолдау танытып, Торайғыр көліне 700 мыңдай алабұға жіберілген. Бүгінде есейіп кетті. Осылайша табиғи түрде тазалау қолға алынды, — дейді ол.

Қоңыр әулие шатқалы ерекше қорғалатын аймақ болып саналды. Сондықтан мұнда жол, құрылыс салуға және электр желісін тартуға қатаң түрде тыйым салынған және туристерге машинамен кіруге болмайды. Себебі табиғи баланс бұзылады. Өсімдіктің 550-ден астам түрі бар. Бұлан, арқар, елік, қасқыр, борсық сияқты аңдар мен құр, шіл сяқты алуан түрлі құстар мекендейді. Кейінгі жылдары қабандар пайда бола бастаған. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып саналатын Баянауыл ұлттық паркіне биыл 32 жыл. Таудың айналасындағы шаруашылықтар кезінде орманын отап ала берген соң табиғаттың құрып кетпеуі үшін 1985 жылы 12 тамызда парк болып жарияланған.
Ақбота Сейсенбаева
Суреттерді түсірген — автор
newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »