Новости на Newstaraz.

Бекболат Тілеухан: Аллах тағала бізге Назарбаевты берді (видео)

0

Әнші, жыршы, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан елге  Назарбаевты Алла тағала сый етіп бергенін мәлім етті.

Ол бұл ойын жастармен өткен кезекті кездесуінде жайып салды деп жазады Корреспондент басылымы.

«Алла тағала бізге Назарбаевты берді. Білмеймін, шын айтамын бір кездері мен де Назарбаевты түсінген жоқпын. «Ей, алдық қой Тәуелсіздікті… Енді бәріміз қазақша сөйлемейміз бе? Қашанғы біреудің көңіліне қараймыз? Ұру керек қой» деп мен де айттым, жігіттер-қыздар! Сосын Украина мен Қырғызстан бұрқ ете қалған кезде мен «Нұраға, кешіріңізші, «оказывается сіз білген екенсіз. Мен білмеппін…» дедім. Әрине, ол жек көргендік емес.   Жастық, жалын, ақымақтық…«Асығыстық — шайтанның ісі» деген бар. «Ақырын басып, анық бас» деп Абай айтқан… Осы әсіресе жастар, сіздерге керек. Білуіңіз керек, айтуыңыз керек. Біз армиямыз керемет болып тұрған мемлекет емеспіз, біз империя емеспіз. Біз кеше ғана құлдықтан шыққан мемлекетпіз. Неғұрлым сіздер мықты, білімді  болсаңыздар, соғұрлым Қазақстан мықты болады», — деген қоғам қайраткері жастар қауымын білімді болуға шақырды.

Бекболат Тілеухан жақында ғана «Нұр Отан» партиясы атынан парламент мәжілісінің депутаты атанды. Қоғам қайраткері бұған дейін төменгі палатаның үшінші және төртінші шақырылымындағы халық қалаулысы болып үлгерген.


Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.