Новости на Newstaraz.

Бердібек Сапарбаев бес жасында жетім қалған қызға 2 бөлмелі пәтер алып берді (фото)

newstaraz.kz

Бақытгүл Қалиева. Фото: NUR.KZ

«Тәуелсіздіктің дәмін әр тұрғын сезіну керек» деген Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыс деңгейінде үлкен қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің елім – Мәңгілік ел!» ел акциясы мұқтаж жандарға көмек көрсетуге үндеді.

Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Облыс әкімі қайрымдылық шарасында тек қатысушы болып жүрген ақтөбелік шенеуніктерге ескерту жасады. Қайырымдылық жәшіктерінде жатқан тиындарға көңілі толмай қараған әкім:

«Бұл жерге басшылар бастап салу керек емес пе?»,- деп әрбір жәшікке 10 мың теңгеден салып кетті. «Жүректен жүрекке» деп қайырымды іске үндеген қоржындарға облыс әкімінің ескертуінен кейін ғана қомақты қаржылар түсе бастады.

Мектеп оқушыларының қол өнер бұйымдары аз ақшаға бағаланып, түскен қаржы көмек көрсетуге жолданды. Осыған дейін мектеп директорлары аз қамтылған отбасы балаларына жылы киімдер үлестірген болатын.

Похожие статьи

Шараға облыстағы көмекке мұқтаж жандар шақырылып, сертификаттар табысталды. Облыс әкімі жетім балалар үйінде тәрбиеленген мемлекеттік қызметкерге 2 бөлмелі пәтердің кілтін берді.

«Мен балалар үйіне 5 жасымда келдім. Кейін облыстық жасөспірімдер үйінде тұрдым. 11-сыныпты бітіргеннен кейін заң колледжіне оқуға түстім. Жұмысқа кіріп, баспана алу үшін ақша жинадым. Облыс әкімі үй алуға жетпеген 1 миллион 500 мың теңгені есепшотыма аударып, 2 бөлмелі баспана табыс етіп отыр. Қасымда мұғалім болып істейтін әпкем мен студент сіңілім бар. Енді біз бірге тұратын боламыз»,- дейді Бақытгүл Қалиева.

Бақытгүл облыстық мамандандырылған сотта кеңсе қызметкері болып еңбек етеді.

«25 жылдықты еліміздің әрбір азаматы сезіну керек. Әсіресе, қамқорлықты қажет ететін кісілерге қолдау көрсетуге тиіспіз. Арамызда мыңнан асатын жарымжан балалар бар. 2 мыңнан асатын жетім балалар бар. 7 мыңға жуық нашар тұратын отбасылар бар. Біз олардың бәріне көмектесеміз. Жыл соңына дейін мұқтаждықты қажет ететін бірде бір отбасын көмексіз қалдырмаймыз. Мен барлық ақтөбеліктерді осы акцияны қолдауға шақырамын», — деді облыс әкімі.

«Адам өмірде алғыс алып жүру керек. Алғыс алған адам жаман болмайды. Мұндай шаралар тек Ақтөбеде ғана емес, Қазақстанда жалғасын табады деп ойлаймын. Қазақстанның әрбір азаматы қамқорлықты сезіну керек. Міне, сонда біздің дамығанымыз», -деді Бердібек Сапарбаев.

Шара кезінде қаржыдан қысылып, үйіне газ кіргізе алмай отырған ауыл тұрғындарына да көмек көрсетілді.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »