Новости на Newstaraz.

Бес адамға оқ тиіп, біреуі қаза болған Атырау облысының Сағыз ауылын полиция күзетіп тұр

newstaraz.kz

Атырау облысының Сағыз ауылындағы атыста бес адамға оқ тиіп, біреуі қаза болған. Полиция бұл ауылды бүгін де бақылап тұр. Бұл ақпаратты Азаттыққа Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми ақпаратқа қарағанда, 30 қазан күні кешке Атырау облысының Қызылоқоға ауданы Сағыз ауылы жанындағы Атырау-Ақтөбе тас жолының бойында төбелес болып, оқ атылған. 5 адам жараланып, 1985 жылы туған азамат Сағыз ауылының амбулаториясында қайтыс болған.

— Оқиға орнында Атырау облысы полиция департаментінің жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2 бөлігі бойынша («Адам өлтіру») бойынша іс қозғалды,- дейді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция болжамына қарағанда «атысқа ауыл адамдарының арасындағы кикілжің себеп болған».

Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев ресми мәлімдемесінде «Сағыз ауылында жағдай тұрақты екенін, тұрғындар арасында жаппай толқу жоқ екенін, полиция осы ауылда күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын» айтқан.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »