Новости на Newstaraz.

Бес тіл білетін қазақ қызы шетелдік ком­пания­лардың ұсынысын қабылдамай қойды

newstaraz.kz

Абылай хан атын­дағы Халықаралық қаты­настар және Әлем тілдері уни­верситетінің түлегі Әсем Таныс­бекова бүгінде қазақ тілінен бө­лек, орыс, ағылшын, поляк және испан тілдерін еркін меңгерген.

Жас ма­ман көптеген шетелдік ком­пания­лар қыз­мет­ке шақырса да бармай, жас­тарға тіл үйретуді өзіне мақсат тұт­қан, деп жазады «Айқын» басылымы.

Бүгінде елімізде шетелден іздегені — ілім, көздегені білім болған жастардың қатары артып келеді. Солардың түгелі дерлік ағыл­шын тілін меңгеріп, тең жартысы қосымша тіл үйрену­де. Сондай жастардың бірі —  Әсем Таныс­бекова.

2010 жылы Абылай хан атын­дағы Халықаралық қаты­настар және Әлем тілдері уни­верситетінің шет тілі фи­ло­логиясы маманды­ғына тү­­сіп, поляк тілін меңгерген Әсем Польша мемлекеті кон­сул­ды­ғы ұйымдастырған Jaka jest piekna Warszawa w lipcu («Шіл­дедегі Варшаваның әсем­дігі») бағдарламасы бо­йынша 3 апталық жолдама алады. Кейіннен осы өкілдік ұйымдастырған Jezyk i kultura Polski («Польшаның тілі мен мәдениеті») бағдарламасымен Варшава қаласына 6 айлық оқуға кетеді. Бұдан бөлек, Әсем универ­ситет қабырға­сында жүріп қосым­ша испан тілін үйренеді.

Похожие статьи

Оқуын тәмамдап, елге кел­ген­нен кейін Польша мемле­кет­тік заң фирмасының еліміз­дегі бөлім­шесінде аудармашы болып қызмет атқарады. Уақыт өте еліміздің жастарына ше­тел­ден алған білімін үйрету ар­қылы, қазаққа пайдасын тигі­зуді ойлаған Әсем үш жыл­дан бері тіл үйрететін «Между­наро­дник» мектебінде поляк тілінен сабақ береді.

«Жастар­дың тіл білуге деген ұмтылысы жоғары. Поляк тілін үйренуге келген бала­лар­дың тіл мең­геруге қабілеті, бейімі бар. Оқу­шыға ерте жастан тіл үй­рет­кеннің пайдасы зор. Жара­тылыстану және гуманитар­лық пәндерді бірден ағылшын тілінде оқыту қиындық туды­руы мүмкін. Дегенмен, қазақ балалары тілдерді меңгеруде жоғары көрсет­кішке ие», — дейді педагог-маман.

Бүгінде қазақ тілінен бө­лек, орыс, ағылшын, поляк және испан тілдерін еркін меңгерген жас ма­ман көптеген шетелдік ком­пания­лар қыз­мет­ке шақырса да, жас­тарға тіл үйретуді өзіне мақсат тұт­қан.

«Арманым — бірнеше тіл біле­тін, сауатты жастардың қата­рын көбейту», — дейді Әсем Таныс­бекова.



newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »