Новости на Newstaraz.

Билікке ашынған көпбалалы ана депутаттық сайлауға түспекші

newstaraz.kz

Фото: Facebook

Көп балалы ана, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қарағанды облысы бойынша төрағасы Әлия Садырбаева парламент сенатының депутаты болу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Құрметті достар! Мен Қазақстан республикасы парламентінің сенатына сайлауға түсемін деп шештім!

«Депутаттарды сынағанды жақсы көресіздер ғой, жарайды, мен сіздерге мынадай сұрақ қояйын: «Оларды сонда кім сайлады?». Сайлаушылардың өз таңдауы емес пе? Сіздер сенаторларды мәслихат арқылы сайлайсыздар. Мінеки, көрдіңіз бе? Талап етіңіз. Сіздің талабыңызға сай адамды ғана сайлаңыз»… – деген сенатор Әйтімованың сөзі әлеуметтік желідегілердің күлкісін келтіргені бар. Солай бола тұра, осы айтылғандардың тек бірінші бөлігі ауызға жиі ілікті. Ал біздің сенаторларды сайлауда тек біреу арқылы қатысымыз барын ешкім назарға алмаған.

Ал былай қарасаң, Бірғаным Әйтімованың сөзінің жаны бар. Мәслихат депутаттарын өзіміз сайладық. Алайда мен олардың кейбірі әділетсіз жолмен сайланған болуы мүмкін немесе оларды нақты сайламаған шығармыз дегенді сөз қылып отырған жоқпын. Бірақ біз сол кісілерден таңдаған сенаторлары туралы сұрай аламыз.

Біз олардан қазіргі сенатта отырған 47 депутаттың жартысына жуығы неліктен зейнет жасындағы (63-72 жаста 23 адам) адамдар екенін, ал тағы үшеуі зейнетке жақын жастағы депутат екенін (60-62 жас) сұрай аламыз.

Олар өзінің жеке басын ойлаудан басқа не бітіріп жүр? Мысалы үкімет сағатында сенатор Серік Ақылбаев (Қарағанды облысынан сайланған) басын қатырып жүрген мәселесін, яғни, «көліктің көптігінен» орталық ауданда орналасқан өз үйіне жету мүмкін еместігін жеткізді.

Похожие статьи

Неге біздің мәслихатқа сайлаған депутаттар сенатқа жасы келіп немере-шөбересінің қызығын қызықтап жүрген адамдарды сайлайды? Сонда облыста өз аймағының атынан шығып, сайлаушыларының талабын орындауға күш жігерін салатын адам қалмағаны ма?

Жақында сенат депутаттарын сайлаймыз.

Президент жарлығы бойынша сайлау күні осы жылдың 28 маусымына белгіленді. Оған екі айдан аз уақыт қалды.

Әйтімова ханымның сөзіне наразы болғандар дәл қазір өздерінің азаматтың ұстанымын дәлелдеп шықсын!

Сондықтан мен барлық отансүйгіш жандарды өздеріңіздің мәслихат депутаттарыңыздан сайланғалы жатқан сенатордың кандидатурасы туралы сұрауларыңызды ұсынамын. Осылайша депутаттарға қоғам тарапынан әсер етіп, алдағы уақытта парламент жұмысына көңіліңіз толатындай, өз аймақтарыңыздан лайықты өкілді таңдауға қол жеткізуге болады.

Ал өз тарапымнан, көптеген достарымның сұрауы бойынша парламент сенатының депутаттығына өз кандидатурамды ұсынамын.

Мен Қарағанды облысының атынан сенат депутаттығына кандидат ретінде тіркелуге дайындығымды бастаймын. Сіздердің қолдауларыңызды күтемін, достар!», — деп жазады Әлия Садырбаева.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »