Новости на Newstaraz.

Бір күнде үйленген төрт егіз балаларының тұсаукесерін дүркіретіп өткізді (фото)

newstaraz.kz

Егіздер отбасымен. Фото: ҚазАқпарат

Жақында Ұзақбаевтар әулеті немерелерінің 1 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті. Ақтаулық Төребек пен Жолдасбек есімді егіздер осыдан 2 жыл бұрын егіз қыздармен шаңырақ көтеріп, перзент сүйген болатын. Бұл қуанышпен егіздің сыңары Жолдасбек бөлісті деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жігіттер қазір Ақтауда облыстық ветеринариялық лабораторияда қызметте. Ал жұбайлары Асыл мен Айым наркологиялық диспансерде, қазір абысындар бала күтімімен үйде отыр.

«Ұлымыз Әмірбек 2016 жылдың қыркүйегінде дүние есігін ашты, Әмірбек деп есімін әкем қойды. Әмір — тарихтан белгілі Әмір Темір қолбасшының есімі болса, ал бек — хан, сұлтан деген мағынаны білдіреді. Ал егізім Төребектің қызы Ақжібек сол жылы қазан айында дүниеге келді. Жібектей жұмсақ, нәзік жанды, ұяң болсын деген ниетпен атын ырымдап анам қойды», — дейді Жолдасбек.


Егіздер отбасымен. Фото: ҚазАқпарат

Олар сәбилеріне көз тимес үшін қазақы ырымдарды жасайтындарын айтты.

«Өзіміз егізбіз, егіз қыздарға үйлендік, көп ұзамай балалы болдық. Біз туралы журналистер көп жазды. Көз тимесін деп балаларымыздың қолына ала жіп тағып, жейдесіне түйреуіш қадаймыз», — дейді Төребек.

Похожие статьи

Егіздер отбасымен. Фото: ҚазАқпарат

Ұлы дүниеге келгенде, Жолдасбек іс-сапарда болыпты.

«Аллаға шүкір, балалар өсіп келеді. Бізден бұрын, балалардың ата-әжесі қатты қуанып жүр. Тұңғышымыз болған соң балалар солардікі. Үйдің үлкендері бала тәрбиесіне ерекше мән береді», — дейді ол.


Егіздердің ата-аналары. Фото: ҚазАқпарат

Жастар Орал қаласында танысқан. Олар 2015 жылы қазанда шаңырақ құрады. Жігіттер 10 минут аралықпен туған. Асылмен және Айыммен бірінші болып егіз жігіттердің кішісі Жолдасбек танысыпты.

«Ол дүкенге аяқ киім сатып алу үшін келді. Өзіне таңдады да сатушы Айымнан тағы осындай аяқ киімді сұрады. «Сенің егізің бар ма?» деп сұрайды. Ол «иә» деп жауап береді. Сол кезде қыз оған өзінің егізі жайлы айтқан. Қос егіздер балалардың болашағынан зор үміт күтеді.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »