Новости на Newstaraz.

Бір топ қазақ жастары қарттар үйіндегі қарияларға той жасап берді (фото, видео)

newstaraz.kz

Елімізде 600-ге жуық еріктілердің басын қосқан «Қайырымды жандар» тобы пайда болды.

Аталған топ мүшелері азғантай уақыт ішінде көпке үлгі болар іс атқарып, мұқтаж жандардың көңілін аулауға тырысуда.

Бір топ қазақ жастары қарттар үйіндегі қарияларға той жасап берді (фото, видео)

Жақында «Қайырымды жандар» тобының кезекті шарасына NUR.KZ тілшісі де қатысып қайтты.

Бұл топтың құрылуына тікелей себепкер болған  — Айдын Тоқсанбаева. Айдын қарапайым отбасында тәрбиеленген қыз. Оның бұл істі қолға алуына ең алдымен жанұядағы қазақы тәрбие мен жасы 80-нен асқан Лена әжесі себепкер болған. Естеріңізде болса, әлемнің бірнеше мемлекетіне саяхат жасаған Лена әжей туралы біз хабарлаған едік.

Бір топ қазақ жастары қарттар үйіндегі қарияларға той жасап берді (фото, видео)
Бір топ қазақ жастары қарттар үйіндегі қарияларға той жасап берді (фото, видео)

«Барлығы үйдегі тәрбиеден басталды. Бізге ата-анамыз қолда бармен бөлісуді, өзгелерге қол ұшын созуды үйретті. Бәлкім, содан шығар, басқаларға барымша септігім тисе деп жүретінмін. Бірде үйге келсем, Лена әжем өксігін баса алмай, жылап отыр екен. Дереу жаман ой келіп, жақындарымыз қайтыс болды ма деп ойлай бастадым. Жүгіріп барып, әжемді құшақтап жылай беріппін мен де… Кейін әжемнің сол күні қарттар үйі туралы репортаж көргенін білдім. Балалары қараусыз қалдырған қарияларды, өзінің замандастарын көріп, көзіне жас алыпты. Міне, осы оқиғадан соң мен қарттар үйіне алғаш рет қадам басып, оларға біздің назарымыз керек екенін, олардың да біздің қоғамның мүшелері екенін түсіндім. Өкінішке қарай, бізде көп адамдар қарттар мен мүгедектерді дұрыс түсінбейді, оларды көзге шыққан сүйелдей көреді», — дейді Айдын.

Бір топ қазақ жастары қарттар үйіндегі қарияларға той жасап берді (фото, видео)
Бір топ қазақ жастары қарттар үйіндегі қарияларға той жасап берді (фото, видео)

Лена әжей немерелерін үнемі қарттар үйі мен балалар үйіндегілердің халін біліп келуге жұмсап отыратын. Балалары ет асса, өзі нанын жайып, қарттар үйінде «құлынымнан хабар бар ма?» деп елеңдеген қарияларға беріп жібереді. Өзі барған сайын қариялардың көңілі көтерілгенін байқаған Айдынның құлшынысы одан әрі арта түсті.

Бір топ қазақ жастары қарттар үйіндегі қарияларға той жасап берді (фото, видео)
Бір топ қазақ жастары қарттар үйіндегі қарияларға той жасап берді (фото, видео)

«Әлеуметтік желілерге пост жаза бастадым. Шыны керек, алғашында менің қазіргідей жазылушыларым болған жоқ. Айттым ғой, мен әрбір «лайкқа» мәз болатын қарапайым қызбын. Кейін достар қатары көбейді де, маған телефон арқылы, әлеуметтік желі арқылы хабаралса бастады. Байқағаным, көмектескісі келетіндер негізінен жастар екен. Студенттер мен жастардың ақшасын қыдыруға, кафе мен түнгі клубтарға, қымбат киім мен сәнді смартфондарға шашпай, біздің азғантай ғана мейірімімізге мұқтаж жандарға жұмсағысы келетіні мені қуантты», — дейді топ жетекшісі Айдын Тоқсанбаева.

Бір топ қазақ жастары қарттар үйіндегі қарияларға той жасап берді (фото, видео)
Бір топ қазақ жастары қарттар үйіндегі қарияларға той жасап берді (фото, видео)
Бір топ қазақ жастары қарттар үйіндегі қарияларға той жасап берді (фото, видео)

«Қайырымды жандар» тобы құрылғанына аз уақыт болса да, көптеген игі істерді атқарып үлгерді. Алдымен қарттар үйіндегі қарияларға арнап «100 ата-апа кеші» ұйымдастырылды. Аталған кешті ұйымдастыру үшін Айдынның бармаған жері, қақпаған есігі қалмады. Бәрі де көмектескісі келеді, тек ешкім мұның не үшін екенін түсіне алмайтын. Айдын болса, күні бойы терезеге телміріп, қарттар үйінің ауласынан алысқа ұзап кетпеген қариялар той көрсе екен, олар да билеп, ән салып, бойын жазса екен деп армандады.

Бір топ қазақ жастары қарттар үйіндегі қарияларға той жасап берді (фото, видео)
Бір топ қазақ жастары қарттар үйіндегі қарияларға той жасап берді (фото, видео)

«Ең бірінші рет қарттар үйіндегі 360 қарияға сыйлық жасадық. Кәдімгі, әдемі пакеттерге орап, ішіне банан, йогурт пен тәттілер салып, апарып бергенбіз. Сол кезде олардың көздері нұрланып кетті. Содан соң, М. Әуезов театры бізге 100 билет табыстады. Ата-апаларымызды ертіп спектакль көруге келдік. Сол кезде қарттар үйінен айлар, жылдар бойы шықпаған қариялардың бой жазғанын көріп-ақ бақытты едік біз… Өкініштісі, ата-анасы өздері әкеліп өткізген балалары зейнетақы беретін кезде жетіп келеді екен… Осы жайтқа менің жүрегім ауырды», — дейді ол.

Бір топ қазақ жастары қарттар үйіндегі қарияларға той жасап берді (фото, видео)
Бір топ қазақ жастары қарттар үйіндегі қарияларға той жасап берді (фото, видео)

Айдын бастаған «Қайырымды жандар» тобы жақында Алматы, Астана, Шымкент қалаларында «100 ата-апа» кешін өткізіп, қарияларды бір қуантып тастады. Жүздеген ерікті жастар қарттармен ән шырқап, би билеп, тіпті, оларды мейрамханаға қызыл кілемнің үстімен кіргізді.

«Алматыда «100 ата-апа» кеші өткен соң, Шымкент пен Астанадағы ерікті жастар белсене бастады. Астанада Айгүл, Рахила есімді қыздар мейрамхана мәселесін шешіп, қарттар үйіндегі қарияларымызды лимузинмен алып келдік. Кейуаналар мен қарттар өздеріне арналған мұндай сыйды алғашында түсінбей қалды. Мүгедек арбасына таңылғандарды екі жағынан көтеріп кіргізгенде «Мұның бәрі қандай бақыт! Бірақ, не үшін?» деп таңырқады. Біз бұл үшін өзімізге пайда көріп, абырой жинауды мүлде мақсат етпейміз. Біздің басты мақсатымыз – жақсылық жасап жарысу. Қоғамда жағымсыз жайттар онсыз да көп емес пе?! Ендеше, неге жақсылық жасап жарыспасқа?!», — дейді Айдын Тоқсанбаева.

Бір топ қазақ жастары қарттар үйіндегі қарияларға той жасап берді (фото, видео)
Бір топ қазақ жастары қарттар үйіндегі қарияларға той жасап берді (фото, видео)

«Қайырымды жандарға» асыр салып той жасағанша, мұқтаж жандарға мейілінше көмек берген дұрыс секілді дейтіндер көп. Алайда, олар онсыз да қиындығы көп тіршілікте қариялар көбірек қуанғанын қалайды.

«Иә, үйдегі ата-әжелер күн сайын туыстары мен бала-шағасының, құрбы-құрдастарының тойына барады, немерелерінің қуанышына бөленіп жүреді. Мейрамхананың талайына барып тастады, көйлектің де түр-түрін киеді. Керемет емес пе? Ал қарттар үйіндегі қариялар мұндай салтанатты көрген жоқ. Біз оларды мейрамханаға апарған кезде: «Мұның бәрі не үшін? Сайлау алдындағы науқан ба?» деп таңырқай қарады. Тіпті, тамақ ішіп болған соң, жиналып кете бастағаны да бар. Біз оларды әрең тоқтатып, бұл дастархан, қуаныштың барлығы солар үшін екенін айттық. Олар расында мұндайды күтпеді», — дейді Айдын.

Бір топ қазақ жастары қарттар үйіндегі қарияларға той жасап берді (фото, видео)

Бүгінде еріктілердің қатары күн санап артып келеді. Олар балалар үйіне барып, ән шырқап, би билейді. Тіпті, балалар үйіндегілер олардың өз баласындай болып кеткен. Жақында бір топ ерікті балаларды сауда үйіне алып барып, әрқайсысы өз «балаларына» киім әперіп, барлығы бір дастарханнан тамақ ішіп, мәз-мейрам боп тарқасты.

Бір топ қазақ жастары қарттар үйіндегі қарияларға той жасап берді (фото, видео)

«Алғашында бәрін жүрегіме жақын қабылдайтынмын. Уақыт өте келе үйренеді екенсің. Күн сайын қоңырау шалып, көмек сұрайтын мұқтаж жандар өте көп. Біз олардың барлығына көмектесе алмаймыз. Өйткені, біз қайырымдылық қоры емеспіз. Біз жай ғана еріктілерміз. Мен топ мүшелеріне «Мына бір мұқтаж адамға 5000 теңге апарып бер!» деп айта алмаймын. Кім қанша бергісі келсе, сонша ақшасын алып келеді. Мейлі, ол 200 теңге, мүмкін 2000 теңге. Бастысы, біз көмекке зәру бір отбасыны бір айлық азық-түлікпен қамтамасыз етеміз», — дейді Айдын.

Бір топ қазақ жастары қарттар үйіндегі қарияларға той жасап берді (фото, видео)
Бір топ қазақ жастары қарттар үйіндегі қарияларға той жасап берді (фото, видео)

«Қайырымды жандар» мұқтаж жандарға көмектесуге әрдайым дайын. Науқас адамдардың үйін әктеп, қариялардың ауласын қардан тазарту да олар үшін таңсық емес. Тек, мұнда ешкімнен күштеп ақша алмайды және өздері бармай, тек ақшасын беремін дейтіндерге жол жоқ. Өйткені, барлығын көзімен көріп, жүрегімен түсінген адам ғана нағыз «Қайырымды жан» бола алады.

Источник: Nur.kz

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »