Новости на Newstaraz.

Бішкекте ЕАЭО елдері басшыларының саммиті өтеді

newstaraz.kz

Бішкекте ЕАЭО елдері басшыларының саммиті өтеді

Еуразия экономикалық одағына мүше елдер басшыларының саммиті 9 желтоқсанда Бішкекте өтеді. Биыл интеграциялық бірлестікке Қырғызстан төрағалық етеді.

Ресейлік журналистердің хабарлауынша, саммитке Ресей делегациясын президент Владимир Путин бастап барады. Саммит аясында президенттердің бетпе-бет кездесулері өтеді деп жоспарланған.

Саммитке қатысушылар мен күн тәртібі әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. ЕАЭО-ға Қырғызстанмен қатар Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресей мүше. Бұл ұйым мемлекеттер арасындағы кеден кедергілерін алып тастау, азаматтар мен тауарлардың шекаралардан еркін өтуіне жағдай жасау мақсатында құрылған.

Алайда жолдағы экономикалық кедергілер түгел жойылған жоқ. Кәсіпкерлер өнімдерін ұйымға мүше елдерге жеткізетін кезде көптеген кедергіге кезігетінін айтып жүр. Саясаттанушылардың кейбірінің пікірінше, бұл ұйым Ресейдің аймақтағы геосаяси мүдделерін қорғау мақсатында ғана құрылған. Қырғызстан Жогорку Кеңешінде осы ұйымнан шығу туралы ұсыныс бірнеше мәрте көтерілген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »