Новости на Newstaraz.

Биыл мемлекеттік бағдарлама бойынша 21 мың пәтер пайдалануға беріледі

0

Биыл өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 459 мың шаршы метр баспана салымшыларға тапсырылады. Нәтижесінде 21 мың пәтер пайдалануға беріледі.

 

 

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өтемақы төлеу жөнінде бүгінге дейін 50 мыңнан астам салымшымен қосымша келісімге қол қойған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның тұрғын ұй құрылыс жинақ банкінің» басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Мемлекет басшысы несиелік тұрғын үй құрылысына 149 млрд теңге бөлуді тапсырған болатын. Аталған қаражат 814 мың шаршы метр баспана салуға мүмкіндік береді. Ол – шамамен 14 мыңдай пәтер. Сонымен қатар биыл өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 459 мың шаршы метр баспана салымшыларға тапсырылады. Осылай тұрғын үй құрылысы желісімен шамамен 21 мың пәтер пайдалануға беріледі.

«Осы 149 млрд теңгені сараптай кететін болсақ, 22 млрд «Қазақстанның тұрғын ұй құрылыс жинақ банкінің» салымшыларын қаржыландыруға кетеді. Ал 127 млрд теңгесі «Бәйтерек» холдингі арқылы әлеметтік тұрғын үй құрылыс саласына жұмсалатын болады. Бұл үйлердің шаршы метрі 30-70 шаршы метр төңірегінде болмақ», дейді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.

Фото: www.inform.kz

 


 

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.