Новости на Newstaraz.

“Бізге тамақ аз беріп, қалғанын итке тастайтын” Жаңаөзендегі екі қыздың сұмдық тағдыры жұртты алаңдатты

newstaraz.kz

Өзге түгілі өз көлеңкесінен қорқады. Жаңаөзенде жұрт «жабайы» деген екі қыз табылды. Апелсинді қабығымен жейтін олар тіпті майдың дәмін татып көрмегенбіз дейді. Екеуі жиырмадан асса да санау білмейді.

Бұл туралы Caravan.kz порталы «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қара суықта жыртық тонмен жүрген екі қызды Зульфия есімді тұрғын үйіне кіргізіп қамқорлық көрсеткен. Оқушыдай көрінген екі қыз шын мәнісінде мектепті бітірген бойжеткендер екен.

Жанына жақындаған жұрттан жатырқаған екі қызды барлығы «жабайы» деп атап кеткен көрінеді.

Оларға қамқорлық көрсеткен Зульфия Асарова:

«Ол екі қызды үйге кіргізген бойда, бірден моншаға апардым. Себебі үсті-басы екеуінің де кір-қожалақ, маугли десе расымен сондай сияқты болды. Жердің астынан шыққан сияқты. Үстіндегі киімдері менің кішкентай кезімде киген киімдерім сияқты. Қатты жаным ашыды.», — деді.

Анасы оларды тастап кеткен соң, туыстарының үйін паналаған. Кейіннен еріктерінен тыс тұрмысқа берген. Соның салдарынан екеуі де үйден қашып кеткен. Жаңаөзендегі асханалардың бірінде жұмыс жасайтын және сол жерде өмір сүріп жүрген апалы-сіңілінің көрген күні қараңғы десекте болады.

Айгүлдің айтуы бойынша: «Анамызды ешқашан көрмегенбіз, жетімбіз. Бізді екі жасымызда тастап кетті. Апамыздың қолында өстік, апамыз өмірден өткен соң, аға-жеңгеміздің қолында қалдық. Бізге тамақ бермейтін, аз ғана тамақ беріп көз алдымызда қалғанвн итке апарып төгетін. Ашыған қамырды көршіге апарып пісіріп беріңізші деп жалындық», — деп еріксіз жылап жіберді.

«Ұрды, соқты, оқтаумен сабады. Талай қорлығын көрдік. Көргеніміз аз емес. Бір зат жейін десек, ұрсады, ұрады. Тамақ аз береді. Анамды кешірмеймін. Бізге осындай қор өмірді сыйлаған. Неге кішкентай кезімізде алып кетпеді, неге балалар үйіне тапсырмады? Тек тастап тайып тұрған. Неге? Бұлай тастап кеттің, соншалықты сен үшін жаман болдық па?», — деп қыздың көз жасы тиылмады.

Мектепті бітірсе де әлі күнге санау білмейтін, әріп танымайтын қыздардың көрген қорлығы жұртты алаңсыз қалдырмады.

Жергілікті жұрт қыздарға қол ұштарын созып, бір бөлмелі үй алып берген.

Ал ағасы мен жеңгесі Нұрлан мен Тұрсынкүл қыздардан мұндай нәрсе күтпегендерін айтады.

«Керісінше оларды ханшайымдай өсірдік, бақтық дейді. Ұрған жоқпыз дейді. Оларды тым еркелетіп жібердік. Біз оларды қателіктері үшін ұрыссақ олар бірден менің аяқ киімдерімді қайшымен қырқып тастайды.», — дейді.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »