Новости на Newstaraz.

Алматыда Невский ескерткіші ашылды

newstaraz.kz

Бүгін Алматыдағы шіркеу алдында орыс князі Александр Невский ескерткішін ашу салтанаты өтіп, оған Ресей президенті Путиннің көмекшісі Владимир Мединский қатысты.

Ескерткіштің ашылу салтанатына Алматы әкімі Ерболат Досаев та келді. Ерболат Досаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Владимир Мединский Ресей президенті Владимир Путиннің құттықтау сөзін, Астана митрополиті Александр Ресей патриархы Кириллдің құттықтауын оқыды.

Ресейдің бұрынғы мәдениет министрі Владимир Мединский 2021 жылы көктемде «Ұлы орыс жері Қазақстан, Украина, Беларусь республикаларына қалай өтіп кеткенін ойлану керек» деген мәлімдемесімен есте қалған. Оның бұл сөзіне Путиннің баспасөз хатшысы «Мединский көтерген мәселе — Ресей президенті әкімшілігінің күн тәртібінде тұрған жоқ» деп түсініктеме берген.

Шіркеудің баспасөз хатшысы Евгений әкейдің Азаттыққа айтуына қарағанда, ат үстінде тұрған Александр Невский ескерткіші Қазақстан батырлары ескерткішінің стилімен жасалған.

— Александар Невский Сартақпен бауыр болған. Сартақ оған өзінің дулығасын сыйға тартқан. Сондықтан Невский ескерткіші — Ресей мен Қазақстан халқының бауырлас екенін білдіретін символ»,- деді ол.

Іс-шара кезіне шіркеу маңын полиция бақылап тұрды. Азаттық тілшісінің Владимир Мединский мен Ерболат Досаевқа сұрақ қоюына күзет мүмкіндік бермей, кедергі жасады.

Ашық дереккөздердегі кейбір мәліметтерде Александр Невский мен Сартақтың анда («бауыр» — ред.) болғаны айтылады.

Википиядеядағы мәліметтерге қарағанда, Алтын орда билеушісі, Шыңғыс ханның ұлы Бату хан орыс княздіктерін бағындырған соң Владимирдің ұлы князі Ярослав өзінің бағынғандығының белгісі ретінде баласы Александрді аманатқа берген. Бату оны өз ордасында өкіл бала ретінде ұстады және үлкен ұлы Сартақпен анда қылды» деп баяндалған.

Википедия «Русьтің солтүстік-батыс жерлеріне шведтер мен немістер қауіп төндіргенде Новгород халқы Батудан көмек сұрап, Бату көмекке Александар бастаған жасақ аттандарды, Александр Невский Алтын Ордаға бағыну арқылы Русьтің солтүстік — батыс шекарасын қорғап қалды. Бірақ осы саясаты үшін басқа орыс князьдері мен боярлары тарапынан үлкен қарсылыққа ұшырады және 2 рет Новгородтан қуылды. Алтын Ордадан қайтып келе жатқанда Городец деген жерде қайтыс болды» деп жазылған. Тарихшылар арасында бұл дерекке күмән келтіретіндер де бар. Олар Александр Невскийді Ресей тарихшылары «тым зорайтып көрсетеді» деп сипаттайды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыда Александр Невский ескерткішін орнатуға қарсылық байқалған. Желі қолданушылардың кейбірі оны «Ресей пропагандасының бір түрі, Ресей президенті Путиннің «орыс әлемі» саясатының насихаты» деп бағалаған.

2022 жылы ақпанда Ресей басып кірген соң Украина Харьков қаласындағы Алексендр Невский ескерткішін алып тастаған.

Ресей басылымдары «Киев Русьін басқыншылардан қорғаған Киевтің ұлы князі, ұлы қолбасшы Александр Невскийдің ескерткішін тартып құлатып, қоқысқа лақтырды» деп жазған. Мұны Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Украинаның ұлтшыл саясаты» деп бағалаған еді. Артынша, 2022 жылы қыркүйекте Мариуполь қаласына (Ресей басып алған Украина қаласы — ред.) Александар Невский ескерткішін орнатқан.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »