Новости на Newstaraz.

МАЭК-тегі апат: Тоқаев «ҚазМұнайГаз» басшысы мен энергетика вице-министріне сөгіс жариялады

newstaraz.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты (МАЭК) мен Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) болған апатқа байланысты «ҚазМұнайГаз» басшысы мен энергетика вице-министріне сөгіс жариялады.

Президент «ҚазМұнайГаз” басшысы Мағзұм Мырзағалиевке «мұнай өңдеу зауытының қауіпсіздігі мен тұрақты жұмысын уақтылы қамтамасыз ете алмағаны» үшін, энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовке «батыс энергия торабының қауіпсіздігіне тиісті деңгейде бақылау жасамағаны үшін» сөгіс берген.

Ақорда МАЭК, АМӨЗ мекемелері және елдегі электр желілеріне жауапты KEGOC компаниясының басшылары мен лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік шаралар қолданылатынын мәлімдеді.

Маңғыстау облысын ғана емес БҚО, Атырау облысының бір бөлігін электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған МАЭК-те 3 шілдеде қазандыққа келіп тұратын тоқтың күрт өсуіне байланысты №1 энергия блогы істен шыққан еді.

Апаттан соң Атырау облысындағы бірнеше аудан мен ауыл, Атырау қаласындағы көптеген шағын аудан мен ауылында жарық өшіп, ауыз су тоқтады. Көшелердегі бағдаршамдар істен шығып, көлік кептелісі болды. Комбинаттағы апаттан «Атырау мұнай өңдеу зауытында» (АМӨЗ) электр қуаты өшіп, соның салдарынан бір мұнарада өрт болған.

Энергетика министрлігі апатқа құрал-жабдықтардың әбден тозуы, кәсіпорын дұрыс қаржыландырылмайтыны себеп болғанын мойындады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »