Новости на Newstaraz.

Бизнесмендер: Қазақ тілінде білім алған жастар беделді оқу орнына түсе алмайды

newstaraz.kz

Қазақстанның танымал бизнес өкілдері тіл мәселесіне тағы араласа бастады. «Үштілділік» саясатын қолдаймыз деп отырған кәсіпкерлер, шалғай елдімекендерде таза қазақ тілінде білім алған жастар беделді оқу орындарына түсе алмайды дейді.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Сол себепті мектептер мен жоғарғы оқу орындарында, әсіресе, ағылшын тілдерін жетік оқыту керектігін алға тартқан. Дегенмен бұл бастаманы танымал қоғам белсенділері қауіпті санап, үзілді-кесілді қарсылық танытып отыр.

«Үштілділікті» қолдап хат жолдаған елдегі ірі кәсіпкерлер тіл саясаты қазірдің өзінде нәтижесін беріп жатыр дейді. Отандық танымал бизнесмендер атынан бастама ұсынғандардың ішінде Арманжан Байтасов, Кеңес Рақышев, тіпті мәдени шараларға жаны қалмай демеушілік танытып жүретін Исламбек Салжановтар бар.

Похожие статьи

Бұл топтың айтуынша, «Үштілділік» саясатын енгізбей әлемдік өркениетке ілесе алмайды екенбіз. Ал саясаттанушы Әзімбай Ғали кәсіпкерлердің бұл бастамасы қауіпті екенін айтады.

«Оның ешқандай демократияшыл бағыты жоқ. Жалпы қазақ мәселесін шешпей, не саяси реформа, не экономикалық реформа Қазақстанда жүрмейді. Бір қызығы 90-жылдардың ортасына таман тағы да осындай бастама болған. Ол кезде 90-жылдардың экономикалық дағдарысы болған», — дейді саясаттанушы Әзімбай Ғали.

1994 жылы Болат Әбілев бастаған кәсіпкерлер орыс тілін мемлекеттік тіл етуге талпынған. Ол кезде де тың ұсынысты ешкім қолдап кетпеді. Саясаттанушы қазақ тіліне тұсау болу — ұлтты сыйламаумен тең деп есептейді. Ал көпшілік арасында кәсіпкерлер ұсынысын қолдайтындар некен-саяқ.

Қазіргі таңда орташа есеппен қазақ балаларының 90 пайызы қазақ мектептеріне барады. Бұл енді-енді түзеліп келе жатқан ахуал. Ал өзге тілдердің дамуын қос қолдап қолдап отырған кәсіпкерлердің кейбірі мемлекеттік тілге шорқақ екенін алға тартады мамандар. Әрі «Үштілділік» саясаты мектеп бағдарламасына енгізілсе, көпшілік мемлекеттік тілдің аясы тарыла ма деп алаңдайды.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »