Новости на Newstaraz.

Чехия Ресейден жарылыстар үшін 25 млн еуро өтемақы талап етті

newstaraz.kz

Чехия үкіметі Ресейден 2014 жылы әскери қоймада болған жарылыс үшін өтемақы талап етті. Врбетице қаласында болған жарылыс кезінде екі чех азаматы қайтыс болған.

Сұрап отырған өтемақы көлемі — 25 миллион еуро.

Чехияның сыртқы істер министрінің орынбасары Мартин Смолек дүйсенбі күні Прагадағы Ресей елшісі Александр Змеевскийге өтемақыны толық төлеуді талап еткен дипломатиялық нота жолдады.

Бұл жөнінде дүйсенбі күні «Млада фронта днес» газеті хабарлады.

Өтемақының жарты сомасы жарылыс болған аймақтың бюджетіне, екінші жартысы қайтыс болған азаматтардың отбасына беріледі делінген.

2014 жылы болған жарылысқа тікелей Ресей арнайы қызметінің қатысы бар екенін Сехия билігі биыл сәуір айында мәлімдеген.

Оған кінәлі ретінде Ресейдің екі азаматына іздеу жарияланды. Олар — Александр Петров пен Руслан Боширов.

Аталған екі азаматқа Ұлыбританияда да іздеу жарияланған. 2018 жылдың наурыз айында Петров пен Боширов Англияда Ресейдің бұрынғы барлау қызметінің өкілі Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияға қастандық жасаған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »