Новости на Newstaraz.

Дәрігерлер ауруы асқынып кеткенше жүре берген келіншектің жатырынан 6 келі миома алды (фото)

newstaraz.kz

Әйелге ота жасалып жатқан сәт. Фото: NUR.KZ

Ақтөбелік дәрігерлер мылқау келіншектің жатырынан 6 келі миома алды. Ақтөбе облысы Шалқар ауданының алыс ауылында тұратын келіншек қазір жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Іші іскенше жүре берген келіншектің жатырындағы миоманы астаналық дәрігерлер анықтаған. Дәрігерлер қатерлі ісікті әйелдің жатырымен бірге алып тастаған. Сөйлей алмайтын келіншектің үш баласы бар.

«Шалқар ауданының алыс ауылында тұратын 47 жастағы келіншектің жатырынан алып миома анықталды. Ісіктің салмағы 6 келіден асады. Әйел оянды, ота сәтті өтті. Бір аптадан кейін үйіне шығарылады. Астанадан келіп жатқан арнайы топ ішіндегі дәрігерлер алыс ауылдардағы тұрғындарды тексеріп жатыр. Әйел адамдардың арасында асқынған аурумен жүргендердің көп екені анықталған. Алматыдағы республикалық акушерлік және гинекологиялық орталығының дәрігері Роза Раеваның жетекшілігімен бірнеше ота жасалынды», — дейді облыстық аурухананың бас дәрігері Самат Данияров.

Похожие статьи

Әйелге ота жасалып жатқан сәт. Фото: NUR.KZ|

Әйелдің жатырындағы алып миоманы ауылға келген «Денсаулық пойызының» мамандары көрген. Науқасты бірден порталға кіргізіп, облыстық ауруханада ота жасады.

Мамандар алыс ауылдарда дәрігерге көрінбей, аурулары асқынып кеткен келіншектердің көп екенін айтады. «Денсаулық пойызы» көмегімен тағы бір

45 жастағы келіншектен де жатыр ісігі алынған. Ол әйелдің миомасы да үлкен көлемде ісіп кеткен.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »