Новости на Newstaraz.

Депутаттардың жалақысы 1 миллион теңгеге дейін өскені жұрттың наразылығын туғызды

newstaraz.kz

Көрнекі фото: mygazeta.com

Халықтың ақшасына тегін үйде тұрып, тегін көлік мінетін парламент депутаттарының жалақысы 1 миллион теңгеге дейін өскені жұрттың наразылығын туғыза бастады деп хабарлайды 31 арна.

Қарапайым жұмысшылар мұндай ақшаны өңі түгілі түсінде көрмегенін айтады. Жұмсақ креслода жұмған аузын ашпай кететін кейбір халық қалаулыларының жалақысын өсіруін әділетсіздік деп күйінгендер де болды.

— Қарапайым адамдардың айлығын көтерсін, жүрміз ғой, таңертеңнен кешке дейін көше сыпырып. Не бітіріп жатыр, айтшы. Халық тентіреп жүр.

— Лайықсыз, ештеңе де істеп жатқан жоқ. Алла оны көріп тұр.

Похожие статьи

Бұрынғы сенатор Уәлихан Қайсар болса, экономикамыз қиын жағдайда тұрғанда, парламенттің қалтасын қалыңдату, халықтың жағдайын ойлайтын үкіметтің жоқтығын көрсетеді деген пікірде. Өйткені, парламенттегі 150-ден астам депутатты «бағу» мемлекетке үлкен шығын екен.

Халық қалаулылары Астананың қақ ортасындағы Нұр Сая кешеніндегі жайлы пәтерде тегін тұрады, қызметтік көлік және медициналық қызмет тегін көрсетіледі. Оның үстіне, әр мереке сайын айлық көлемінде, яғни 1 миллион теңге төңірегінде сыйақы алатыны тағы бар деген экс-депутат парламент мұндай құрметке лайық емес деп есептейді…

«Ең мықты қуатты депутаттың жұмысын алсақ, күніне ең көбі 80-100 парақ оқиды. Одан артықты көтере алмайды. Өте әділетсіз жалақы», — дейді экс-сенатор Уәлихан Қайсар.

Еске сала кетейік, танымал заңгер де депутаттардың жалақысы негізсіз өскеніне күйініп, сынап тастаған болатын.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »