Новости на Newstaraz.

Димаш Құдайберген 11 наурыз күні Шанхайда концерт берді (видео)

0 17

Димаш Құдайберген 11 наурыз күні Шанхайда концерт берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Димаш Құдайбергеннің фанаттары әншінің сегізінші турда науқастанып қалғанын хабарлаған болатын. Дегенмен Димаш тамағының ауырып тұрғанына қарамастан, байқаудың сегізінші турында өнер көрсетіп қана қоймай, 11 наурыз күні Шанхайда концерт беріп үлгерген. Әншінің концертінде ине шаншар жер болмады.

Видео: WeiboKZ

«Оған 2 рет екпе жасаған. Ән орындаған кезде де ауырып тұрғанын көруге болады. Тамағың ауырып тұрғанда, ән айтпақ түгілі, сөйлей де алмайсың. Нағыз батыр. Нешінші орын алғаны маңызды емес, оның денсаулығы маңызды. Қайта-қайта әрі-бері ұшу, климат ауыстыру, ұйқысының қанбауы — осының барлығы денсаулыққа әсер етті. Димаш бұл қиындықты да жеңіп шығады. Біз оған сенеміз», — делінген Димаштың фан-клубында.

Сол арада әншіге қытайлық әріптестері қолдау көрсетіп, дәрі ұсынып жатқан видео желіде пайда болды.

Видео: Мұхтар Қалимоллаұлы

Видео: WeiboKZ

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Translate »